Жасап көріңіз, бұл тағамды дайындаудың еш қиындығы жоқтығына 100 пайыз көзіңіз жетеді.
Әдетте голубцы тағамын болгар бұрышымен немесе қырыққабаттан орама жасап дайындайды. Ал, бүгін біз оны ерекше әдіспен әзірлемекпіз.
Қажетті заттар:
- 400 гр. фарш
- 400 гр. ақбас қырыққабат
- 0,5 стақан күріш
- 1 дана жұмыртқа
- 2 тіс сарымсақ
- 1 ас қасық өсімдік майы
- Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.
Тұздыққа:
- 2 ас қасық томат + 1 стақан су
- 3 ас қасық қаймақ
- Аскөк.
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен қырыққабатты майдалап турап, қолымызбен мыжғылап жұмсартып аламыз.
- Ал, күрішті тазалап жуып, қайнатамыз да жартылай пісіреміз. Шамамен 10-12 минуттай қайнату керек.
- Пияздың қабығын аршып, майдалап тураймыз. Сәбізді де аршып, ірі үккіштен өткіземіз. Сарымсақты аршып, майдалап турауға немесе арнайы құралмен езу болады.
- Содан соң табаға май құйып, алдымен пиязды қуырамыз. Пияз қызарып қуырылғанда сәбізді саламыз. 7 минуттай қуырып, оттан аламыз.
- Енді үлкенірек табаққа фаршты, туралған қырыққабат пен қуырылған көкөністерді, күрішті салып, араластырамыз. Осы араласпаға жұмыртқа, қара бұрыш, сарымсақ пен тұзды қосамыз. Содан соң барлығын тағы бір жақсылап араластырамыз.
- Қолымызды сулап, дайын фарштан котлеттер жасаймыз. Котлеттерді формаға немесе үлкенірек табаға тізіп шығамыз. Сөйтіп пешке салып 20 минуттай пісіреміз.
- Осы уақыт аралығында тұздығымызды дайындасақ болады. Ол үшін томат пен суды, қаймақты араластырып, котлеттердің бетіне құю керек. Табаны қайтадан пешке салып, 40-50 минут ұстаймыз.
- Осылайша тез әрі оңай дайындалатын голубцы тағамы да дайын болады.
- Дәмді тағамды қаймақпен немесе картоп езбесімен ұсыныңыз.
Дайындаған: Майра Сейфуллина,
Тағы да оқыңыз:
1 стақан фарш + 1 стақан ірімшік = дәмді орама