​Қып-қызыл боп пісетін сүзбелі бөлішке

0
1 099


​Қып-қызыл боп пісетін сүзбелі бөлішке


Қажетті қоспалар:

Қамырына: 250 мл сүт

1 дана жұмыртқа

2 ас қасық өсімдік майы

450-500 гр. ұн

7 гр. ашытқы

2 ас қасық қант

1 шай қасық тұз

Салмасына:

400 гр. сүзбе

2 ас қасық қаймақ

1 жұмыртқаның сары уызы

2 ас қасық қант

1 пакет ванильді қант

Бетіне жағуға:

1 дана жұмыртқа

1 шай қасық сүт

Дайындалу тәсілі:

Қамыр жақсы көтеріліп пісу үшін сүт, ашытқы, қант, тұз, 0,5 стақан ұн қосып, араластыру керек. Бетін жауып жылы жерге 20 минутқа қойып қоямыз.

Ашытқы дайын болған кезде жұмыртқа мен өсімдік майын қосып, араластырамыз. Кейіннен аз-аздан ұнды қоса отырып, жұмсақ қамыр илеу керек.

Табаны майлап, қамырды салып, бетін пленкамен жауып қоямыз. Қамыр жылы жерде 1 сағаттай тұруы қажет.

Сүзбені шанышқымен езіп алып, қант, жұмыртқаның сары уызы, ванильді қантты қосып, араластырамыз. Дайын салманы тоңазытқышқа сала тұрамыз.

Ашыған қамырды 12 бөлікке бөліп, сосын әрқайсысын домалақтап, противеньге қойып шығамыз. Қамырлардың арасы тым жақын орналаспауы керек. Осылай қойылған қамырдың бетін салфеткамен жауып, 10-15 минутқа қалдырамыз.

Енді томпақ қамырлардың ортасын стақанмен басып шығамыз, сосын сол жерге сүзбе салмасын саламыз. Сүтпен араласқан жұмыртқаны бөлішкені бетіне жағуды ұмытпаңыз. 180-200 градусқа қыздырылған пешке салып, 20-30 минуттай пісіреміз.

Бөлісу