«Әжетханада сөйлеме» деген тыйымның мәнін білесіз бе?

0
552

Әжетханада отырғанда неге сөйлеуге болмайды?


«Әжетханада сөйлеме» деген тыйымның мәнін білесіз бе?

фото: YouTube

Қазіргі таңда бұл тыйымды қатаң ұстанатындар бар болғанымен, көпшілігі емес. Әсіресе жастарға мұны ескерте жүргеніміз абзал.

Себебі, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияның өзі телефонсыз жүрмейді. Ал ол телефон қолынан түспейді. Әжетханаға да бірге ала кіретін адамдардың көптігі де жасырын емес. Ал телефонды әжетханаға алып кірген адам сол жерде отырып, телефонға түскен қоңырауға жауап беріп жатады.

Әлбетте бұл әжетханада отырып сөйлеуге жатады ғой.

Ал әжетханада отырып сөйлесуге тыйым салынған. Бұған шариғат та тыйым салған, ата-бабаларымыздың ежелден ұстанатын тыйымдарының бірі.

Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі:
- Ұлым, дәретте отырғаныңда сөйлейтініңді байқадым. Мұның - жаман әдет, - дейді.
- Онда тұрған не бар, әке? - дейді.
- Әрбір сөзді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта «Кироман-Катибин» дейді. Періштелер - өте пәк жаратылыс. Адам әжетханаға кіргенде, олар лас жерге кірмей тыста тұрады. Сен әжетханада сөйлесең, періштелер сөздерді жазу үшін амалсыз шайтанның үйіне кіруге мәжбүр болады. Бұл - Құдайға ұнамайтын қылық, - деді әкесі.


ала жаман әдетінен тыйылыпты. «Әжетханада сөйлеуге болмайды» деген ырым осыдан қалыптасқан екен.


Неге әжетханада түкіруге болмайды?

Бұл туралы www.ulagat.com сайтында жарияланған әжетханаға неліктен түкіруге болмайтындығы жайлы мәліметтер берілген екен. Шариғат тұрғысынан алып қарағанда мұны жасауға болмайды делінсе де бұдан хабарсыз адамдарға жақсы түсіндірме. Қай жағынан алып қарасаңыз да бұл тыйымның астарында үлкен мағына бар.

Шайқы Бұрқы бірдe Ібілістi көрiп қалады.

– Әй, малғұн! – дeйдi оған дaуыстaп, – осы сен адамды азғыруыңды қашан тоқтaтасың? – Мен оны өлгенше азғыра беремін, әлсіздeрдiң иманын алмай қоймаймын. Мен үшін ең қолайлы сәт – өлім сәті, – дeпті.

Шайқы Бұрқы:

– Не үшін олай дeдiң? – Пендeнің ақтық дeмі тақағанда, оны шөл қысады. Бірақ, қасындағы ет-бауыр жақындары науқастың бұл халінен бейхабар болады. Сол кездe иманды ұрлауға мен келемін. Бір тaмшы суға зәру болып, қатaлап жатқан бейшараға кесе толы суды көрсетeмін.

«Алла жоқ, Пaйғамбар жалған» дeп айтсаң, мына суды беремін», – дeп алдaймын. Егер оның сенімі әлсіз болса, менің дeгеніме көнедi. Иманын бір кесе суға айырбастaйды.

– Малғұн, бір кесе таза суды саған кім берeдi? – дeп сұрайды.

– Мендe тaза су жоқ. Кеседегі су – оның өмір бойы әжeтханаға түкірген өз түкірігі. Әжeтхана менің үйім болғандықтан, мен оның бәрін жинап сақтаймын. Иманын сатқан сәттe түкірігін бетiне шашып жіберемін, – дептi шайтaн. Шайқы Бұрқының тұла бойы түршігіп кетeдi. Содaн бастaп «әжетхана ішіндe түкіруге болмайды» деген тыйым қалыпты.


Әжетханаға кіру тәртібінің сүннеттері

1. Әжетханаға жалаңбас кірмеу.

2. Әжетханаға жалаңаяқ кірмеу (шәрке кию) керек.

3. Әжетханаға кірерде мына дұғаны оқу:
«Би-сми Лләхи, Аллахумма, ин-ни а’узу би-кә мин әл-хубси уәл-хабаиси!»

Аудармасы: «Уа, Аллаһ! Жын – шайтанның кесепаттарынан және барша жамандықтарынан Өзіңе сыйынамын. Мені олардан қорғай гөр»

4. Әжетханаға сол аяқпен кіру.

5. Қажетіңді отырып орындау керек. Тұрып өтеудің қажеті жоқ.

Имам әл-Ғазалидің қосқаны: «Қажетіңді өтеген тұста сол аяққа сүйену (жантаю) керек».

6. Қажетіңді өтеген тұста қыблаға жүзіңмен немесе арқаңмен қарап отырмау керек.

7. Әжетханада сөйлемеу керек.

8. Зәрдің тамшылары киімге немесе денеге тимеуін қадағалау қажет.

Имам әл — Ғазалидің қосқаны: «Дәл қажет өтеген жерге «әл-истинжа» жасамаған абзал».

Біздің кезімізде, алдымен дәретті ағызып жіберіп, кейін жуыну керек, өйткені дәрет суы нәжіске түсіп, денеге немесе киімге шашырауы мүмкін.

9. Қажетті өтеп болғаннан кейін, өзіңді сумен тазартып, зәрден «әл-истибра» жасау керек.
Имам әл-Ғазалидің қосқаны: « «Истибраның» мағынасына аса үңіле берудің қажеті жоқ, себебі ол шайтанның азғыруына әкеледі, және күрделене түседі. Ал ылғалды сезген адам, жуынған суының қалдығы деп есептесін. Егер осы ойлар оған маза бермесе, онда қайтадан жуынсын, алайда шайтанның азғыруына жол бермеген абзал».

10. Әжетхана қағазымен тазаланып (біздің кезімізде), кейін сумен жуынған абзал. Және осылай жасағандар үшін, аят түсірілген:
Мағынасы: «Онда тап – таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болуышыларды жақсы көреді» (Тәубе сүресі, 108 аят).

11. Әжетханадан шыққанда оң аяқпен шығу керек.

12. Әжетханадан шыққандағы оқылатын дұға:
«Ғуфрана-кә!»

Аудармасы: «Кешіре гөр!»

13. Қажет өтеп болғаннан соң дәрет алу керек.

Имам әл-Ғазали айтады: «Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қажетін өтеп болғаннан кейін, бірде – бір рет дәрет алмаған кезін көрген емеспіз».

Жинақтаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қыз тұрмысқа шыққанда жасалатын "ӨЛІ-ТІРІнің" мәні ҚАНДАЙ?


«Қыз шай» деген дәстүрді білесіз бе?