8 наурызға дейін 12 келі салмақ тастаңыз!

0
2 622

Өте оңай бұл диетаны ұстанған жан екі апта ішінде 8-12 келі салмақ тастайды.


8 наурызға дейін 12 келі салмақ тастаңыз!

8-наурызға тура екі апта қалғанын білесіз бе? Біз сіздерге дәл осы аралықта 12 келіге дейін арықтауға көмектесетін ең керемет диетаны ұсынбақпыз.


Әр диетаның өзіндік ерекшеліктері мен белгілі бір шарттары болады. Аталмыш диетада да дәл сондай бір-екі міндетті түрде орындалуға тиіс шарттары бар. Ең басты орындалуы тиіс нәрсе – тамақтанардан 20 минут бұрын 2 стақан су ішу. Сонымен қатар, тамақтану уақытында және тамақтанып болған соң 2 сағатқа дейін су ішуге болмайды.

Иә, 2 сағат бойы ешқандай сусын ішпейсіз. Осы уақыт өткеннен кейін қалағаныңызша су ішсеңіз болады. Тіпті, өзіңіздің сүйіп ішетін шайыңыз бен кофеңізді ішіп алсаңыз да артықтық етпейді. Алайда шайды немесе кофені тәттілерсіз ішу керек.

Ендеше 2 апта бойы сіз жасайтын әрекеттер:

Таңғы ас:

2 стақан су ішіп, 20 минуттан соң таңғы ас ішесіз. Тамақтану кезінде сусын ішпейміз. 2 сағат өткеннен кейін ғана құрғаған ағзаны сумен нәрлендіре аласыз.

Түскі ас:

2 стақан су ішіп, қалағаныңызша тамақтаныңыз. Жоғарыда айтып өткеніміздей түскі ас ішіп отырғанда және ішіп болғаннан кейін су, шай ішуге тыйым салынған. 2 сағат сусын ішпейміз. Шыдауға тура келеді.


Кешкі ас:

2 стақан су ішіп, тамақтануға отырамыз. Кешкі астан соң 2 сағат су ішуге болмайды. Осылайша екі апта бойы диетаны жалғастырып, нәтижесіне көз жеткізіңіз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ