​Ақ нан жеп сымбатыңызды бұзып алмаңыз

0
5 905

Көбіне денсаулыққа зиянды тағамдарды, олардың құрамын айтып жатамыз. Алайда бұл тағамдардың қайсысы дене-бітімге кері әсер етіп, май қабаттарын толықтыратынын біле бермейміз. Сол себепті де нәзікжандыларға құлаққағыс ретінде біз бүгін фигураға зиянды тағамдарды ұсынбақпыз. Назарыңызда жүрсін!


​Ақ нан жеп сымбатыңызды бұзып алмаңыз

Көбіне денсаулыққа зиянды тағамдарды, олардың құрамын айтып жатамыз. Алайда бұл тағамдардың қайсысы дене-бітімге кері әсер етіп, май қабаттарын толықтыратынын біле бермейміз. Сол себепті де нәзікжандыларға құлаққағыс ретінде біз бүгін фигураға зиянды тағамдарды ұсынбақпыз. Назарыңызда жүрсін!

Ақ нан

Артық салмақтан арылып, арықтағысы келетін қыз-келіншектер тамақтану рационынан ақ нанды мүлде шығарып тастауы тиіс. Себебі біз қандай тағам болмасын оған нан қосып жегіміз келіп тұрады. Сорпа, ет, шұжық сиықтыларға міндетті түрде нан қосылады. Осыдан кейін өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Жалпы жоғарыда атап өткен тағамдар бір-біріне мүлде сәйкес келмейді екен. Өйткені ақуыздар мен көмірсулар қосылса тағамның құнарлылығы артып, артық салмақ қосуға бірден-бір себеп бола алады. Сонымен қатар, желінген ақ нан оп-оңай майға айналатын көрінеді. Міне, сондықтан да ақ нанды барынша сатып алмауға тырысыңыз.

Ақ нанды немен алмастыруға болады дейсіз бе? Оның орнына орташа көлемде кебек қосылған қара нан жеген дұрыс.

Картопты да шектеп жеңіз…

Картопты тамақтану рационынан мүлде шығарып тастауға болмайды. Тек шектеп, дұрыс жеуді үйренсеңіз болғаны. Мысалы, картопты гарнир ретінде, пісірме дайындау арқылы немесе етпен, балықпен, қаймақпен бұқтырып жеуді ұмытыңыз. Бұл көкөністі басқа көкөністермен араластыра отырып, салат дайындап азырақ жеуге болады. Себебі картопты дұрыс жеуді білмегендіктен денеге артық май жинала бастайды. Мұндай жағдайда не істеуге болады?

Картопты буда пісіріңіз. Сонда сізге ішкі ағзаңыз да, фигураңыз да «рахмет» айтатын болады. Бірақ та осылайша түскі асқа картоптан дәмді тағам дайындап, тоя тамақтанып алғаннан кейін екі сағатке дейін ештеңе жемеген дұрыс. Өйткені картоп тез қорытылатын тағамға жатпайды.

Салатқа арналған тұздықтар

Салатқа арнайы дайындалатын тұздықтарда майлар өте көп болады. Әсіресе өсімдік, сары майларының құрамындағы майлар ағзада көп уақыт тұрып қалады екен. Сіңуі де қиындау. Бірақ та сіз бір апта бойына осындай тұздықтармен араластырылған салаттармен ғана диета ұстанатын болсаңыз, салмақ тастайтыныңыз анық. Онда тұрған ештеңе жоқ. Дегенмен, өсімдік, сары майларының орнын басқа пайдалы қоспалармен алмастырған дұрыс деп ойлаймыз.

Мәселен, өсімдік майының орнына салатты соя соусымен, лимон шырынымен, майсыз йогуртпен тұздықтауға болады. Сонымен қатар, салатқа май қосқыңыз келсе, өте аз көлемде араластыруға үйрену керек. 1 адамға арналған салатқа 1 шай қасық қоссаңыз жетіп жатыр. Ал, қосымша соя соусы мен лимон шырынын тамызып жеберсеңіз болады. Жалпы қандай тағам дайындасаңыз да, күніне екі ас қасық өсімдік майын ғана пайдаланған дұрыс. Басқа уақытта зәйтүн майын қосқаныңыз абзалырақ.

Газдалған сусындарды көп ішесіз бе?

Соңғы уақытта адамдар осы газдалған сусындарға тәуелді болып бара жатқандай көрінеді. Бұл сусындар шөліңді қандырып, бас ауруыңызды жазса мейлі ғой. Жоқ, газдалған сусындар керісінше тамағыңды құрғатып, екі есе су ішуге мәжбүрлейді. Сізде де солай ма?

Газды сусындар шөлді баспағанымен қоймай, денедегі артық майлардың ыдырауына емес, керісінше жиналуына септігін тигізеді екен. Сондай-ақ, бұл сусындар қант пен қант алмастырғыштан жасалатындықтан ішкеннен кейін ағзада ашыту процесі жүріп, тағамның калориясы аз жұмсалады. Осындай процестен соң сіздің денеңізді май баса бастайды.

Немен алмастырған дұрыс?

Тазартылған су, көк шай немесе өсімдіктерден қайнатылып, тұндырылып дайындалған шайлар, көкөніс, жеміс-жидектер қайнатпасын ішкен дұрыс.

Байқап отырғандарыңыздай, арықтау үшін аса қиындатылған, шектеу қойылған диеталарды ұстанып, қиналудың қажеті жоқ. Жай ғана дұрыс тамақтанып, жоғарыда айтылған зиянды тағамдардан бас тартсаңыз болғаны. Сонда сіз діттеген мақсатыңызға оңай жетесіз.

Дайындаған: Қ.Әти