Физикалық жаттығулармен айналысып, дұрыс тамақтануға көшсеңіз де дене бітіміңіз көңіліңізден шықпай жүр ме? Ендеше сізге мына ҮШ азық көмектеседі.
Денедегі артық майды ыдыратудың керемет тәсілдері бар. Ол үшін СІЗ ас мәзіріне майды ыдыратуға септігін тигізетін сусындар мен азық-түлік түрлерін қосуыңыз керек. Сонда ғана өзіңіз армандаған өлшемдегі көйлекті киетін боласыз! Бұл азық-түліктер әр отбасының асүйінен табылары сөзсіз.
Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?
Көк шай
Көк шайда ешқандай калория жоқ. Сол себепті де болар оның арықтауға көп көмегі тиеді. Алайда қант қосатын болсаңыз, мұндай мүмкіндіктен айырыласыз. Дегенмен, көк шайды ішкен бойда майлар ыдырап, жоқ болып кетеді деп ойлаудан аулақ болыңыз. Бұл сусын майлардың жиналуына кедергі келтіріп, май қабаттарының түзілуін болдырмайды. Көбіне көк шайды егде жастағылар майлы, қуырылған, сіңуі өте ауыр тағамдардан кейін ішіп жатады. Бұның да пайдасы жоқ емес.
Көк шайдың майды ыдыратумен қатар, денсаулыққа тигізер пайдасы көп. Мысалы, жоғары қан қысымын түсіруге, қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетуге айтарлықтай әсер етеді.
Кофе
Табиғи кофе майдың ыдырауын жылдамдататын кереметтей қасиетке ие №1 сусындардың бірі. Сондай-ақ, қарапайым кофенің 16 пайыз зат алмасу жүйесінің жұмысын жылдамдататынын ғалымдар дәлелдеген. Бірақ, зат алмасу жүйесінің осылайша жылдам жұмыс істеуі 1-2 сағатқа ғана созылады. Осы уақыттың өзінде нәтижені байқау қиын емес.
Есте сақтаңыз! Кофені үнемі ішетін адамдардың ағзасы бұл процеске үйреніп қалады екен. Сондықтан да тек бір аптаны белгілеп, сол уақытта кофе ішуді әдетке айналдырыңыз. Міне, сонда мүсініңіздің сымдай тартылып келе жатқанына көз жеткізесіз!
Ақуызға бай тағамдар
Суреттер ашық дереккөздерден алынды.
Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?
«Ақуызға бай тағамдарды тамақтану мәзіріне қосыңыз» деген кеңесті бұған дейін де естіген боларсыз. Алайда, орындағаныңызға күмәніміз бар. Қазір көптеген қыз-келіншектер кеңестерді тыңдағанымен, орындауға келгенде жалқаулық танытып, уақыттың аздығын сылтауратады. Әрине, Сіз бұдан кейін сол қалпыңыздан, яғни, «томпақ» күйіңізден өзгермейтін боласыз. Өзгергіңіз келсе, ақуызға бай тағамды жеуге әдеттеніңіз.
Мәселен, таңертеңгілік асқа жұмыртқаның ақ уызын ғана (көлеміне шек жоқ) қуырып жей аласыз. Бұдан бөлек, ақуызды ет, балық, сүт өнімдері, жасымық, асбұршақ және теңіз өнімдерінен табуға болады.
Аударған: Майра Сейфуллина,
Жүзім ЖҮЗДІҢ «үстіне» шығарады!
Күзде үйдегі ЖАРЫҚТЫҢ көмегімен АРЫҚТАУҒА болатынын білесіз бе?