​Жүзім ЖҮЗДІҢ «үстіне» шығарады!

0
4 693

Жүзім ғана емес, мына жемістер де салмағыңызға салмақ қосып, арықтауға жол бермейді екен!


​Жүзім ЖҮЗДІҢ «үстіне» шығарады!

Біздің түсінігімізде, жемістер өте пайдалы, ағзаны нәрлендіріп, дәруменмен байытады. Алайда семіздікпен «алысып» келе жатқандарға барлық жеміс пайдалы деп айта алмаймыз. Мұны ғалымдар әлдеқашан зерттеп, дәлелдеп қойған. Сымбатын бұзғысы келмейтін әрі арықтауды армандайтындарға мына 5 жемісті аз-аздан жеген, тіпті, мүлде жемеген дұрыс.

Жалпы, жемістерді қант алмастырғыш деп те айтып жатады. Бірақ, бұл орайда да барлық жемісті арықтауға көмектеседі деу қиын. Кейбірінің құрамында жеміс қанты көп болатындықтан, керісінше семіздікке жол беріп алуыңыз ғажап емес. Сондықтан да төменде айтылған 5 жемісті өз тамақтану рационыңыздан мүлде алып тастағаныңыз абзал.


Жүзім


Күз – жүзімнің самсап пісетін кезі. Бұл уақытта тәтті жемісті жемей тұра алмаймыз. Алайда, артық салмағы барларға жүзімді күзде де жеуге кеңес бермейміз.

Өзі кішкентай ғана жеміс болғанымен, 100 грамында 16 грамм қант болады. Бұған таңқалмаймыз, әрине. Өйткені жүзім ең тәтті жемістердің бірі.

Бір реттік порцияда 67 калория шығатын жүзімді алмамен немесе басқа жемістермен салыстыруға мүлде келмейді. Әсіресе, арықтағысы келетіндерге бұл жемісті жеу тиімсіз. Жүздің «үстіне» шыққыңыз келмесе, жүзімнен дер кезінде бас тартыңыз!


Консервіленген жемістер



Консервіленген жемістерге міндетті түрде қант қосылады. Консервіленген ананас, манго, шабдалы сынды жемістерді сатып алып көрсеңіз, қантқа малынғанын байқайсыз. Сол себепті де пайдалы деген жемістеріміз құнарлылығы жоғары тағамға айналып, май қабаттарын жинауға септігін тигізеді.

Егер консервіленген жемістерді жегіңіз келсе, қант араластырылған түрін емес, су қосылғанын табуға тырысыңыз. Құтының сыртына жабыстырылған нұсқаулығына көз тастасаңыз, құрамына не қосылғаны жазылуы тиіс.


Кептірілген жемістер


Аз ғана мөлшердегі кептірілген жемістер мен жаңғақтардың ағзаны қажетті нәрлі заттармен қоректендіретінін білеміз. Сонымен қатар, салмақ тастауға да көмектеседі. Алайда, кептірілген жемістер – мейіз бен өрікті көп жейтін болсаңыз, бұл сіздің сымбатыңызды бұзып, сырт көзге тартымсыз көріне бастайсыз. Себебі, жемістердің балғын түріне қарағанда кептірілген түрлерінің құрамында қанттың мөлшері арта түседі екен.

Сондықтан да күніне 1 уыс кептірілген жемістер мен жаңғақ жеген жеткілікті.


Банан


Банан қанша пайдалы болса да, арықтау үшін одан бас тартқан абзал. 100 гр. бананның құрамында 17 грамм қант бар. Сондай-ақ, құнарлылығы өте жоғары. 100 грамы 90 калориядан тұрады. Сол себепті де диетологтар, күніне жарты банан жеумен шектелген дұрыс дейді.


Алмұрт


Алмұрт жоғарыдағы келтірілген жемістердің ішіндегі ең пайдалысы. Дегенмен, көп мөлшерде жейтін болсаңыз, асқазан жұмысы бұзылуы мүмкін. Әсіресе алмұртты таңғы ас кезінде жемеген дұрыс. Әйтпесе күні бойы ішіңіз ауырып, мазаңызды алуы ғажап емес. Сонымен қатар, тәтті болғандықтан алмұрт та арықтауға кедергі келтіріп жатады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Күзде үйдегі ЖАРЫҚТЫҢ көмегімен АРЫҚТАУҒА болатынын білесіз бе?


Өтіңізде тас бар деген диагноз қойылса, Сізге МАГНИЙ ДИЕТАСЫ көмектеседі