ҚҰРМА + АЙРАН = күн сайын «-1 кг» жоғалтасыз!

0
28 196

16-қараша – халықаралық шыдамдылық күні! Осы атаулы күн қарсаңында диета ұстауға шыдамы жетпейтін, бірақ артық салмақтан құтылғысы келетіндерді қуантқым келіп отыр. Бұл диета кезінде әлсіремейсіз де, тәбетіңіз тамаққа тартпайды да! Ол – құрма диетасы. Бұл жемісті жұлдыз да, диетолог та емес, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мақтаған.


ҚҰРМА + АЙРАН = күн сайын «-1 кг» жоғалтасыз!

фото: krasota-diet.ru

Диета ұстау – тек шыдамдылардың, ерік-жігері мықтылардың ғана қолынан келеді. Бір апта түгілі, 3 күн ас мөлшерін екі-үш есе азайтып, қалауын тежеу қиынның қиыны екенін осы күнге дейін қаншама диетаны ұстап, жо-жоқ, бастап көргендер білсе керек, иә?!

Иә, санаңызшы, қанша диетаны бастап, соңына дейін жеткізбей тастап кеттіңіз? Білем, білем, сондықтан да сізге құрамы құрмадан құралған диетаны ұсынғалы отырмын. Бұл диетаның көмегімен көздеген нәтижеге жететіңізге сенімдімін.

ӨЙТКЕНІ...

* Ол – ең алдымен Құранда аты аталған жеміс. Ол туралы ең бірінші Жаратушы мен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан. Ал, Құранда ешнәрсе бекерден-бекерге айтылмаған.

* Екіншіден, дүниежүзі ғалымдары оны құрамы адам ағзасына пайдалы заттарға ең бай жеміс деген қорытындыға келген.

* Үшіншіден, тағамтану мамандарының зерттеуі бойынша, бұл жеміс еңбектеген баладан, таяққа сүйенген кәріге де, тіпті жүкті әйелге де жеуге рұқсат етілген бірден-бір жеміс.

* Төртіншіден, диетологтар өте тойымды және тәтті болса да, оның семіртпейтініне көз жеткізіп отыр. Олардың айтуынша, күн сайын 1 кг салмақтан құтылуды мақсат етіп қойғандар үшін бұдан тиімді диета жоқ екен.

Олай болса, бұрын-соңды ұстап көрмеген құрма диетасын да неге сынап көрмеске?! Ал, кеттік, ендеше!


«-3 кг» диетасы


фото: kapushka.ru

Бұл үш күнге және 5-6 кг ғана артық салмағы барларға арналған диета. Бұны аптаның өзіңізге ыңғайлы үш күнінде ұстасаңыз болады.


КЕРЕК: орташа көлемдегі 15 дана құрма жемісі. Осы ғана.

ЕРЕЖЕ: Таңнан кешке дейін 5 дана құрманы азық етесіз және қалауыңызша қантсыз көк шай ішесіз.

Сағат 8-де – 1 дана құрма + 1 кесе көк шай

Сағат 11-де – 1 дана құрма + 1 кесе көк шай

Сағат 14-те – 1 дана құрма + 1 кесе көк шай

Сағат 16-да – 1 дана құрма + 1 кесе көк шай

Сағат 18-де – 1 дана құрма + 1 кесе көк шай.

НӘТИЖЕ: Құрманың 100 грамында 55-65 ккал бар. Ал, орташа көлемдегі 1 дана құрма жемісінде (150-200 грамм) шамамен 75-130 ккал бар. Сонда сіз бір күнде бар-жоғы 5-ақ құрма, яғни 650-700 ккал ғана қабылдадыңыз. Ал, диетологтар калорияны 1000 ккал-дан кеміткенде ғана ағзада арықтау процесінің жүретінін айтады.


Диета ережесін бұзбай, үш күн қатарынан тамаққа деген нәпсіңізді тежей білсеңіз, салмағыңыз 3 кг жоғалтады!


«-7 кг» диетасы


фото: budzdorov.co

Бір аптаға арналған бұл диета артық 10-15 кг салмағы бар қыз-келіншектерге ұсынылады. «-7 кг» диетасының «-3 кг» диетасынан айырмашылығы құрма жемісінде. Яғни, бұл диетада сіз кептірілген құрманы пайдаланасыз. Және айран ішуге рұқсат етіледі.


КЕРЕК: 70 дана кептірілген құрма жемісі, 8-9 литр майлылығы 1 пайыздық айран. Бұл жеті күнге қажетті азығыңыз.

ЕРЕЖЕ: Дүйсенбі күні таңнан кешке дейін 10 дана құрманы бес мезгіл азық етесіз және әр мезгілде 1 стакан (250 мл) айран ішесіз.

Сағат 8-де – 2 дана құрма + 1 стакан айран

Сағат 11-де – 2 дана құрма + 1 стакан айран

Сағат 14-те – 2 дана құрма + 1 стакан айран

Сағат 16-да – 2 дана құрма + 1 стакан айран

Сағат 18-де – 2 дана құрма + 1 стакан айран.

НӘТИЖЕ: Кептірілген құрманың 100 грамында 230-260 ккал бар. Ал, 1 дана кептірілген құрмада 23 ккал ғана бар. Айранда ма? Майлылығы 1 пайыздық айранның 100 мл-де 36 ккал бар.

Сонда 10 дана құрма=230 ккал, 5 стакан айран=470 ккал. Сіз бір күнде бар-жоғы 700 ккал ғана қабылдадыңыз. Таразыға тартынбай-ақ күн сайын 1 кг салмақтан құтылғаныңызға сене беріңіз. Бір апта осы тамақтану тәртібін бұзбасаңыз, 7 кг салмақтан құтыласыз!


Ал, бір аптада 10 кг салмақтан құтылғыңыз келсе...

Онда сіз «-3 кг» диета мен «-7 кг» диетаны араластырып ұстағаныңыз жөн.

Дүйсенбі күні: «-3» кг диетасы

Сейсенбі күні: «-7» кг диетасы

Сәрсенбі күні: «-7» кг диетасы

Сәрсенбі күні: «-3» кг диетасы

Бейсенбі күні: «-7» кг диетасы

Жұма күні: «-3» кг диетасы

Сенбі күні: «-7» кг диетасы

Жексенбі күні: «-7» кг диетасы.

Қазір сауда орындарда құрманың бұл екі түрі де самсап тұр. Бағасы да қолжетімді. Меніңше, сіз дәл бүгін жұмыстан соң құрма сатып алып, қарапайым ғана осы диетаны ертеңнен бастап кіресуге бел буып отырсыз. Ендеше, сәттілік!

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Арықтау үшін ағзаға кальций керек

Күнжіт сүті арықтауға көмектеседі