Арықтау үшін ағзаға кальций керек

0
7 744

Ағзаңызда кальций аз болса, семіру қаупі басым. Сондықтан да кальций мөлшерін біліп алған дұрыс.


Арықтау үшін ағзаға кальций керек

фото: q4fit.com

Кальций ағзаға сіңбеген жағдайда оның еш пайдасы болмайды. Бұлай дейтін себебеіміз, кальций мөлшері көп тағамдарды күнделікті тұтынатын жандарда да кальций жетіспеушілігі орын алады екен. Бұған не себеп?

Себебін төменде келтірілген ақпараттан ала аласыз.

  1. Кальций ағзаға тек D дәруменінің қатысумен сіңеді. Сондықтан да кальциймен бірге бұл дәруменнің де ағзаға түскені дұрыс.
  2. Асқазан-ішек жолдарының жұмысы да кальцийдің ағзаға сіңуіне септігі бар. Семіздікпен күресіп келе жатқан жандардың асқазан-ішек жолдарында кінәрат болуы мүмкін.
  3. Ағзаға түсетін майлар кальцийдің сіңуіне кедергі жасайды. Ал, денесі толысып жатқан жандардың ас мәзірінде май өте көп болатынын сөзсіз. Сол себепті де олар салмақ тастамайды.
  4. Кальцийдің ағзаға сіңуіне магний, калий, натрий және су қарсылық танытады екен. Сондай-ақ, кальцийді тасымалдауға алкогольді ішімдіктер мен кофеин де кері әсерін тигізеді.
  5. Сапалы, таза су да бүгінгі күннің басты мәселесі. Сапалы суда кальцийдің сіңуін жылдамдататын заттар бар.
  6. Гормондық бұзылыстардың да кальцйдің сіңуіне, жиналуына айтарлықтай кері әсері бар.


Кальций жетіспеушілігінің алдын алып, ағзаға сіңуі үшін не істеу керек?

Ең алдымен кальций мөлшері көп сақталатын сүт өнімдерін ішкен дұрыс. Сүт, сүзбе, қатты ірімшік күнделікті ас мәзірінен табылуы тиіс. Әсіресе кальцийдің ағзаға сіңуіне қышқыл сүт өнімдері жақсы көмектеседі. Сонымен қатар, балықта, көкөністерде, теңіз қырыққабатында, жаңғақтар мен жұмыртқада кальций көп.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Күнжіт сүті арықтауға көмектеседі

Сексуалдық белсенділігіңіз төмендеп кетсе, арнайы диета ұстаңыз