​Мына әрекеттер сізді арықтауға жетелейді

0
2 150

Таңертең астан бұрын, су ішуді әдетке айналдырыңыз.


​Мына әрекеттер сізді арықтауға жетелейді


Сіз арықтау мақсатында түрлі әрекеттер жасап көрген боларсыз. Алайда оның кейбірі алдамшы болып шықты ма, не болмаса өзіңізден әрекет болмады ма? Егер сіз арықтауды шын қаласаңыз, мына әрекеттерді жасап көріңіз. Тіпті, күнделікті әдетке айналдырсаңыз денсаулығыңыздың нығаюына да айтарлықтай әсері бар.


Тамақтан бұрын су ішіңіз

Су ішудің арықтауға септігі тиеді деген сөзді жиі естиміз. Расында да су зат алмасуды 24-30 пайызға жақсартып, 1-1,5 сағаттың ішінде бірнеше калорияны жоюға көмектеседі екен. Ғалымдар суға қатысты бір зерттеу жүргізгенде мынаған көздері жеткен екен: күнделікті тамақтанудан 30 минут бұрын 0,5 литр су ішіп, осылайша су ішпегендерге қарағанда арықтауға әжептеуір септігі тиген көрінеді. Яғни, ашқарынға су ішудің осындай да пайдасы барын ұмытпау керек.


Таңғы асты жұмыртқадан бастаңыз

Жұмыртқаның адам денсаулығына пайдасы зор. Оның үстіне арықтауға да айтарлықтай әсер етеді. Зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, таңғы асқа жұмыртқа жегеннен кейін, күні бойы калориялы тағамдарды жеп қоюдан сақтанасыз. Денедегі артық майлар да ыдырап, салмақ тастайсыз. Жұмыртқа жегіңіз келмесе, кез-келген ақуызға бай тағамды жеуге болады.


Қара кофе ішіңіз

Сапалы кофе антиоксиданттарға бай болғандықтан да денсаулыққа өте пайдалы саналады. Бұл жолы да зерттеулерден мысал келтірейік: зерттеулер бойынша кофе зат алмасу жүйесінің жұмысын 3-11 пайызға жоғарылатып, 10-29 пайыз артық майларды ыдыратуға септігін тигізеді. Бірақ кофеге қантты көп қоспау керек.


Көмірсуы аз тамақтарды жеңіз

Егер сіз күнделікті тамақтану рацоионы арқылы ағзаңызға нәрлі заттарды алғыңыз келсе әрі оның пайдалы болғанын қаласаңыз, көмірсуы аз тағамдарды жегеніңіз дұрыс. Осылай жасайтын болсаңыз, бұрынғыға қарағанда 2-3 есе көбірек артық салмақтан арыласыз.


Кіші көлемдегі тәрелкемен тамақтаныңыз

Бұл да арықтаудың амалдарының бірі. Адам өзі тойса да көзі тоймайтын тірі ағзалардың бірі ғой. Кіші көлемдегі ыдысқа тамақ салып жеген көп адамдар автоматты түрде аз калория қабылдап, арықтай алған екен. Дегенмен, мұндай тәжірибе екінің біріне әсер ете қоймайды дейді зерттеушілер. Кіші көлемдегі ыдыспен тамақтанған кезде, өте салмағы жоғары адамдар арықтайды екен.


Пайдалы тағам үнемі жаныңыздан табылсын

Дұрыс тамақтануды қолға алған адам үнемі өзімен бірге жейтін тамағын алып жүруі керек. Сонда ғана сіз артық тамақтанудан, зиянды тағамдарды тұтынудан өзіңізді аулақ ұстай аласыз. Мәселен, қайнатылған жұмыртқа, жаңғақтар мен жеміс-жидектер, йогурт сияқты жеңіл тағамдарды алып жүруге болады.


Ащы бұрыш жеңіз

Чилиде метаболизмді жақсартып, тәбетті төмендететін капсаицин заты бар. Алайда ащы бұрышты күнделікті қолданатын болсаңыз, ағза оған үйренісіп қалуы мүмкін. Осылайша оның әсері басындағыдай болмайды. Сондықтан да ащы бұрышты 2-3 күнде бір жеген жеткілікті.


Аэробикалық жаттығулар жасау керек

Аэробикалық жаттығулар – артық майды ыдырататын ең керемет жаттығулардың бірі. Мұндай жаттығулармен айналысқаннан кейін адамның психологиялық та, физикалық та саулығы артады. Аэробикалық жаттығулар іштегі майды кетіріп, зат алмасуды анағұрлым жақсарта түседі.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы;

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


45 жастан кейін семірмеудің 5 амалы


ЧИАмен бір аптада 4 кг салмақ жоғалтасыз