Мына САЛАТТАР салмағыңызға АРТЫҚ КЕЛІ қостырмайды

0
3 429


Мына САЛАТТАР салмағыңызға АРТЫҚ КЕЛІ қостырмайды

Диеталық салаттарды семіздіктен арылуға бет бұрған, өз дене-бітіміне көңіл бөліп жүрген қыз-келіншектер тамақтану рационына қосса болады. Калориясы аз, пайдасы мол мұндай салаттар ағзаны дәруменмен, қажетті минералды заттармен қанықтыра түседі.


Қызанақ пен зәйтүннен дайындалған өте пайдалы салат

Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. балғын қырыққабат
  • 130 гр. қияр
  • 50 гр. болгар бұрышы
  • 130 гр. қызанақ
  • 20 гр. пияз
  • 0,25 стақан зәйтүн
  • 1 тіс сарымсақ
  • 0,5 бөлік лимон
  • 30 гр. өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Пияз бен сарымсақтың қабығын аршып, барлық көкөністермен бірге тазалап жуамыз. Болгар бұрышын екіге бөліп, дәндерін тазарту керек. Қырыққабатты ұзыншалап әрі жұқалап тураймыз.
  2. Пиязды дөңгелектеп турап, туралған қырыққабатқа қосасыз. Болгар бұрышын да ұзыншалап турап, осы табаққа салу керек.
  3. Қиярды да қалағаныңыздай қалыппен турап, оны да туралғандарға қосыңыз.
  4. Енді кезек қызанақ пен зәйтүнге келді. Етті қызанақтарды таңдап алып, ірілеп тураңыз. Зәйтүнді екіге бөліп шығасыз.
  5. Сарымсақты майдалап турайсыз немесе арнайы құралмен езесіз.Егер аскөк қосқыңыз келсе, оны да майдалап турап, барлық туралғандарға қосасыз. Енді салатқа өсімдік майы мен тұз, лимон шырынын қосу ғана қалды.
  6. Салатты жақсылап араластырып, 5-10 минут қоя тұрыңыз. Аталмыш салатты жасау үшін өсімдік майының орнына зәйтүн майын қосуға да болады.


Ақуыздан құралған диеталық салат


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. тауық еті
  • 50 гр. консервіленген ананас
  • 2 дана жұмыртқа
  • 50 гр. қаймақ
  • Аскөк.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен тауық етін қайнатып, пісіріп алу керек. Содан соң майдалап немесе ұзыншалап тураймыз.
  2. Жұмыртқаны қайнатып, ақуызын бөліп аласыз. Содан соң барлығын бір табаққа салып араластыру керек. Ақуыз, ананас, тауық еті, қаймақты қосып, араластырасыз да, майдалап туралған аскөкті қосасыз. Сонда салат та дайын болады.


Сүзбе қосылған салат


Қажетті өнімдер:

  • 1 дана қияр
  • 100 гр. пекин қырыққабаты
  • 100 гр. балдыркөк
  • 1 шай қасық зәйтүн майы
  • 80 гр. сүзбе
  • 1 шай қасық бальзамды сірке суы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

Барлық көкөністерді тазалап жуып, ұзыншалап турау керек. Қырыққабатты да жұқалап тураған дұрыс.

Барлығын бір табаққа салып, зәйтүн майымен, тұз, бұрышпен араластырыңыз. Ең бетіне жұмсақ сүзбені салып, тағы бір араластырып жіберсеңіз болғаны.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Таңғы асқа ӨТЕ дәмді ПАНКЕЙК ӘЗІРЛЕҢІЗ


ЖАҢА жылға жаңаша КӘУАП әзірлеңіз!