Жемістерден дайындалатын өте пайдалы сусындар ағзаны дәруменмен қанықтырып, семіздіктен арылуға септігін тигізеді.
Көктем мезгілінде барлық қыз-келіншектер сымбаты сымдай тартылып, мүсінінің көзтартарлықтай болғанын қалайды. Ол үшін әрине көп еңбек, шыдамдылық пен мақсат керек. Сонымен қатар, дұрыс тамақтануды қолға алып, ас мәзіріне мынадай сусындарды қосуға кеңес береміз.
Сүзбе мен құлпынайдан жасалған сусын
Қажетті қоспалар:
- 100-150 гр сүзбе
- 120 мл майлылығы төмен йогурт немесе айран
- Қатырылған немесе балғын құлпынай
Дайындау тәсілі:
Блендерге құлпынайымызды салып, үстіне айран немесе йогурт құямыз. Блендерді қосып, барлығын жақсылап араластырып стақанға құйып, іше берсек болады.
Есте сақтаңыз, құлпынайды көп мөлшерде қосудың қажеті жоқ. Себебі оның құрамындағы қант ұйқыны бұзуы мүмкін.
Сұлы жармасы мен бал қосылған сусын
Қажетті қоспалар:
- 200 гр сұлы жармасы
- 0%-дық жарты стақан сүт
- 0%-дық 1 стақан қара жидек
- 1 ас қасық бал
Дайындалу тәсілі:
Сұлы жармасы мен сүтті блендермен жақсылап араластырып аламыз.
Дайын болған қоспаға йогурт пен бал қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып оған жидегімізді қосамыз. Егер сізде мұздатылған жеміс болмаса, мұз қоссаңыз болады. Балды көп мөлшерде қосуға болмайды.
Чиа дәні мен банан сусыны
Қажетті қоспалар:
- 1 дана банан
- 1 дана авокадо
- 1 ас қасық бал
- 1 шай қасық чиа дәні
- 1 стақан су
Дайындалу тәсілі:
Банан мен авокадо жемістерінің қабығын аршып алып, текшелеп тураймыз. Енді осы туралған жемістер мен қалған қоспаларды блендердің ыдысына саламыз. Содан соң барлығын жақсылап араластыру керек. Дайын сусынды стақанға құйып іше беруге болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: