«Сорпа тамақ бола ма?» - деп ойлап отырсыз ба? Егер осындай ойдың жетегінде отырсаңыз, қатты қателесесіз.
Әрине, сорпа тамақ болады. Дегенмен семіздікке бой алдырған, күнделікті тоя тамақтанып жүргендер үшін сорпа тағам орнына саналмауы мүмкін. Бірақ олар сорпада пайдалы заттар көп екенін, тіпті, бұл тағаммен оңай арықтауға болатынын біле бермейді. Мысалы, шетелдікдәрігерлер «Сорпада барлық дәрумендер мен минералды заттар бар. Бұл адам ағзасына өте пайдалы әрі жеңіл тағам» - дей келіп, сорпаның бірнеше түріне тоқталып өткен екен.
Ет сорпасы
Жалпы сорпа тағамы адам ағзасындағы су-тұз балансын қалыпқа келтіріп,денені қоректік заттармен қанықтырады. Соның ішінде еттен дайындалған сорпа ақуыздың қайнар көзі. Сорпаны пайдалы ету үшін майлы етті емес, етті сүйектерді қайнату керек. Қарапайым сиыр немесе тауық еті етінен қайнатылған сорпалар жүрек пен қан тамырларының, иммундық жүйенің, асқазан-ішек жолдарының және тірек-қимыл аппаратының саулығын сақтауға көмектеседі. Себебі құрамы А, Е, В тобының дәрумендеріне бай, магний, фосфор, калий, темір, мырыш және кальций элементтерінен тұрады. Осындай дәруменге бай тағамнан кейін қарныңыз да оңайлықпен аша қоймайды.
Көкөніс сорпасы
Мұндағы басты пайдалы зат - тағамдық талшықтар. Бұл ас қорытуға ықпал етеді және ішек микрофлорасын ұстауға қатысады. Сондай-ақ, көкөністер сымбатыңызды жақсартып, фигураны реттеуге септігің тиеді. Көкөністерді пайдалы ету үшін 15 минуттан артық қайнатудың немесе пеште пісірудің қажеті жоқ. Егер бұдан көп уақыт пісіретін болсаңыз. Көкөністердің құрамындағы пайдалы заттар азая түседі.
Көкөністерде де түрлі дәрумендер мен минералды заттар баршылық. Сондықтан да арықтау мақсатында сорпа дайындайтын болсаңыз, еш ұтылмайсыз. Тіпті, бірінші күні ет сорпасын, екінші күні көкөніс сорпасын жасап, тағамды өзгертіп отырсаңыз болады.
Саңырауқұлақ сорпасы
Саңырауқұлақтарда фосфор, калий, магний, темір, натрий, кальций және хлорға бай аминқышқылдарының ерекше құрамы бар. Бірақ оның құрамындағы кейбір заттардың әсерінен саңырауқұлақтарды сіңіру қиындау. Ас қорыту жүйесіне ауырлық түсуі мүмкін. Сондықтан да саңырауқұлақ сорпасын күнделікті ішу ұсынылмайды. Балалар мен егде жастағыларға бұд сорпаны ішпеген дұрыс.
Балық сорпасы
Балық - ақуыз және фосфор, магний, йод, фтор, кальций, мырыш, натрий, В, Е, С,тобының дәрумендері, сонымен қатар пайдалы май қышқылдарының бір бөлігін табуға болатын ең керемет тағам. Балықтан сорпа дайындау үшін оның балғындығына аса мән беріңіз. Содан соң сорпаны қайната беруге болады.
Балық сорпасынан жоғарыда айтып өткеніміздей барлық пайдалы дәрумендер мен микро-макроэлементтерді алуға болатындықтан оның арықтауға әсер етпеуі мүмкін емес. Майсыз балық түрін таңдасаңыз болғаны. Балық сорпасының арықтауға септігін тигізумен қатар, қалқанша безінің, сүйектердің, буындардың, қан тамырларының, жүйке жүйесінің, шаш пен тырнақ және тіс саулығын арттыруға зор әсері бар.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Сымбатыңыз бен ағзаңызға сай келетін диетаны таңдап алуға болады