ЖАЗҒЫ ДИЕТА: қызанақ пен қияр жеп салмақ тастаңыз

0
51

Жаз мезгілінде диетаға отыру қиын емес. Бұл уақытта көкөніс те, жеміс те пісіп, барлық түрі сатылымға шығады. Бағасы да қол жетімді болады. Сол себепті де диетаны жаз мезгілінде бастаған дұрыс.


ЖАЗҒЫ ДИЕТА: қызанақ пен қияр жеп салмақ тастаңыз


Жазда қыз-келіншектер болсын, ер азаматтарымыз болсын дене-бітіміне көңіл бөліп, шомылу науқанына айтарлықтай дайындалады. Бірақ көп жағдайларда олардың әрекеттерінәтижесіз қалатын көрінеді. Диетологтар да мұны мақұлдайды. Дегенмен қалай да нәтижеге қол жеткізуге тырысатындар да жоқ емес. Осындай жандар үшін арнайы жаз айларына арналған ас мәзірін ұсынбақпыз.

Сіздерге мезгілге сай диеталар көмекке келеді. Мұндай диеталардың құрамына кіретін азық-түлікке көп ақшаңыз кете қоймайды. Әсіресе қияр мен қызанақтан тұратын ас мәзірі қалтаңызды қақпасы анық. Нәтижесінде сіз артық салмақтан арылып, ағзаңызды дәрумендермен нәрлендіресіз.

Қияр да, қызанақ та жасұныққа бай көкөністер. Сонымен қатар, аталмыш көкөністердің калориясы да көп емес. Мысалы, 100 гр. қиярда - 15 ккал болса, 100 гр қызанақта – 20 ккал бар.


Қияр мен қызанақ диетасына қойылатын талаптар:

Диета барысында барлық зат алмасу жүйесібаяулайды. Метаболизмді жақсарты үшін міндетті түрде таңғы ас ішу керек. Онсыз диета ұстауға болмайды. Таңғы ас арқылы ағза өзіне қажетті энергияны алып, артық майды жиыру процесін бастайды.

Таңғы астан бөлек, қияр мен қызанақ салатын үш рет жасап жеу керек. Қарынның қатты ашуына жол беруге болмайды. Мұндай жағдайда ағза артық майды жинап, арықтау процесі жүрмейді, есесіне метаболизм нашарлайды.

Бір күндік норма – 1 кг қияр, 0,5 кг қызанақ. Салатқа зәйтүн майын қосуға болады. Сонымен қатар азырақ майсыз сүзбе, тауық еті, жұмыртқа, аскөк қоссаңыз да артықтық етпейді.

Қияр мен қызанақ диетасы кезінде күні бойы 2 л таза су ішкен дұрыс. Себебі су зат алмасу процесін жақсартып, зиянды токсиндерді ағзадан айдайды. Теріні алғалдандырып, жасартатын қасиетке де ие.

Балғын қияр мен қызанақ дәрумендерге, минералды заттарға бай. Осының әсерінен де денсаулығыңыз жақсарып, көңіл-күйіңіз көтеріле түседі. Диета барысында өзіңізді жақсы сезініп, шаршау, әлсіреу, ұйқышылдықтың басылғанын сезініп, есте сақтау қабілетіңіздің жақсарғанына көз жеткізесіз.

Бұл көкөністер қан тамырларын зиянды холестериннен тазартатындықтан, инфаркт, инсульт секілді аурулардың алдын алатынын да естеріңізге саламыз. Айта берсек, қияр мен қызанақтың пайдасы өте көп. Диетаны ең кемі 3-7 күнге дейін жалғастырсаңыз, нәтижесі бірден байқалады. Егер төзіміңіз жетіп, бұдан да жақсы нәтижені қаласаңыз, диетаны 2 аптаға дейін жалғастыра аласыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЖАЗҒЫ ТАҒАМ: кәдіден дайындалған диеталық тіскебасар