«30 – 30 – 30»: САЛМАҚ ТАСТАУДЫҢ жаңа әрі ең ЖЕҢІЛ жолы

0
893


«30 – 30 – 30»: САЛМАҚ ТАСТАУДЫҢ жаңа әрі ең ЖЕҢІЛ жолы

Әлеуметтік желілерде жаңа тренд. Сұлулық, салауатты өмір салты, артық салмақтан арылу турасында блог жүргізетіндер оқырмандарына ұсынуда. Ал олардың жазылушылары қайталап көруде. Жақсы нәтижесімен бөлісіп жатқандар да аз емес. Ал сіздің ше, хабарыңыз бар ма?


Жаңа тренд – арықтаудың «30 – 30 – 30» формуласы. Ол қалай жұмыс істейді?

Әдетте артық салмақтан арылғысы келетіндер не істейді? Өзін тамақтан шектейді, бІрден спортпен белсенді түрде айналыса бастайды. Өндірушілер мен жарнама жасаушылардың азғыруына еріп, аздыратын дәрі-дәрмектер қабылдайды. Диетологтар мен дәрігерлер, басқа да артық салмаққа қатысы бар сала мамандары мұның бәріне қарсы. Бірден белсенді түрде спортпен айналысып кетудің, аса қарқынды физикалық белсенділіктің, тыйым мен шектеуі көп диеталардың және құрамы күмәнді аздыратын дәрілердің пайдасынан зияны басым екенін екінің бірі айтуда. Бастапқы кезде пайдасы болып жатқан сияқты көрінер. Алайда, ерте ме, кеш пе адам әдеттегі тамақтану режиміне оралып, қайтадан салмақ қосады. шамадан тыс жүктеме мен дәрілердің ішкі ағзаларға тигізген зардабы бірнеше жылдан соң барып байқала бастайды.


«30 – 30 – 30» ережесінде ешқандай шектеу, ақ тер-көк тер болып жаттығу жасау жоқ. Бар болғаны әр күні таңертең ұйқыдан тұрғасын 30 минут ішінде 30 грамм ақуыз жейсіз және тағы бір 30 минут жеңіл таңғы жаттығулар жасайсыз.

Диетолог Эдвина Кларктың айтуынша, артық салмақпен күресудің бұл әдісі тиімді екені толығымен дәлелденген. Ақуызды (протеинді) таңғы ас ағзаны жақсы қанықтырады, тойымды әрі пайдалы. Ол аштық сезімінен ұзақ уақытқа арылуға көмектеседі. Денедегі майды «жағып», ыдыратуды тиімдірек етеді және қандағы глюкоза мен холестериннің жоғарылауын болдырмайды.

Дегенмен, ақуыз көздерін дұрыс таңдау маңызды. Өңделмеген ет өнімдері мен жартылай дайын тағамдардан (жартылай фабрикат) бас тартыңыз. Мәзірде жұмыртқа, сүзбе, грек йогурты немесе жаңғақ майы болуы керек. Осыларды әр күні кезектестіре жеп отырыңыз. Сондай-ақ толық тамақтануды қамтамасыз ету үшін көмірсулар мен жасұнық қосу керек. Әр адамның ағзасы әртүрлі. Сондықтан, ағзаңызды тыңдап, оның қажеттіліктерін де ескеру маңызды. Мәселен, бұрыннан бері күнделікті қарқынды жаттығуларға үйренген, жасап жүргендердің таңғы асы ақуызбен қатар, көмірсуларға да бай болуы керек.

Бір сөзбен айтқанда, өміріңізге «30–30–30» ережесін енгізіп көруге тиіссіз. Тек артық салмақтан арылу үшін емес, салауатты өмір салтын ұстанып, деннің саулығын сақтау үшін де пайдалы. Ағзаны шынықтырып, қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуге, иммунитетті көтеруге оң әсер етеді.

Аударған: А. Бектұрған,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Күн сайын 3 минут «ТҮЙЕ» қалпында тұрыңыз