​Есте сақтау қабілетін жақсартатын ҚЫЗЫҚ әрі ҚИЫН жаттығу

0
2 481

60 жастан асқан кісілерге арналған


​Есте сақтау қабілетін жақсартатын ҚЫЗЫҚ әрі ҚИЫН жаттығу

фото: mavink.com

Үйдегі әжеңіз, атаңыз, әкеіз не анаңыз сіздің атыңызды айту үшін барлық бауырларыңызды атап шыға ма? Әлде жаңа ғана танысқан адам сіздің атыңызды ұмытып қалып тағы да сұрай ма? Бұл жағдайда есте сақтау қабілеті нашар екен деп топшылау қате. Сол кісі жай ғана көңіл бөлмейді. Сондықтан да шатасады. Ал есте сақтау қабілетінің нашарлауы деп – кешегі жеген тамағын, айтайын деп отырған сөзін, қолындағы затын қай жерге қойғанын және сол сияқты елеусіз нәрселерді ұмытса, онда ол кісіде кінәрат бар деген сөз. Өйткені есте сақтау қабілетін жақсарту үшін біз миымызды ешқашан шынықтырмаймыз. Күнделікті қатып қалған іс-әрекетімізді жасаймыз. Жаңа дүниелерге назар аудармаймыз. Бұл кезде біздің миымыз «ерекше» ештеңе болмайтынын тез түсінеді де қайтадан «ұйқыға» кетеді. Сол үшін біз ұсынған тренинг-жаттығуды жасап көріңіз. Бір аптада емес, бір айда миыңыздың жаңарып, есте сақтау қабілетіңіздің жақсарғанын байқайсыз.


Шульте кестелері

Бұл интеллектуалды ширауға арналған ең жақсы тренажер, сондықтан жаттығуды осыдан бастаған жөн. Егер бұл жаттығуды маңызды жұмыстың алдында орындасаңыз, нәтижесі керемет болады.

Сізге тапсырма: Әліппені А әрпінен С әрпіне дейін тікелей ретпен айтыңыз. Сосын керісінше С-дан А-ға дейін қайталайсыз. Тапсырманы мүмкіндігінше тез табыңыз.

Егер бұл сізге оңай болса, әріптерді жалғастырыңыз.


Ребус шешіңіз

Ребус – есте сақтау қабілетін шынықтыратын ең керемет спорт. Өйткені оны табу барысында бірден бірнеше әрекетті орындаймыз. Біз басқатырғыштың негізінде қандай принциптер жатқанын, суреттерде қандай сөздер шифрланғанын түсініп, барлық байланыстарды есте сақтай отырып, негізгі сөзді табуымыз керек. Өйткені мұндай тапсырмалар сіздің миыңызды шиеленістіруге мәжбүр етеді.

фото: ginterhall.com


Айырмашылықты табыңыз

Кез келген жаратылыстың – қаланың, жануардың, адамның, гүлдің суретін таңдап алыңыз. Олар көз шатастыратындай саны да көп, әрі айырмашылығы да жоқтай көрінеді. Бірақ сол суреттің біреуінде қандай да бір белгі бар. Мұқият қарасаңыз таба аласыз. Бірақ миды жаттықтыру үшін тапсырманы 30 секундта орындау керек.


Ертегі кейіпкерін белгілеңіз

Кестедегі әріппен толтырылған суретке қараңыз. Онда ертегі кейіпкерлерінің есімдері жасырылған. Қандай және қанша есім табады екенсіз. Бұл сіздің есте сақтау қабілетіңіздің деңгейінің қаншалықты екенін көрсетеді.


Бос кестені толтырыңыз

Келесі тапсырма ас үй ыдыстарын үлкен шаршының қатарларында, бағандарында және 4 шағын шаршының әрқайсысында бірде-бір зат қайталанбайтындай етіп орналастыру керек. Барлық есептеулерді оймен жасауға тырысыңыз, қағаз қолданбаңыз. Бұл өзіңізге жақсы.


Жасырылған белгіні табыңыз

Өзіңізге ұнаған әдемі табиғат, көз қарықтыратын теңіз, сұлу сарқырама немесе ну орманды таңдап алыңыз. Бұл суретте жасырылған 10, 12, 14 белгіні табыңыз және оны табу үшін сізге қанша уақыт кеткеніне мән беріңіз.


Есеп шығарыңыз

Ойыңызға тсүкен кез келген санды қағазға жазыңыз. Оның жанына төрт амалдың бірін қойып, тағы да сандар жазасыз. Осылайша ойга есептеп көріңіз. Егер шаршамасаңыз төрт амалмен және жақша қолдану арқылы да есеп шығаруға тырысыңыз.

Логикалық есептерді де шығаруға болады.


10 айырмашылықты табыңыз

Екі бірдей суретті таңдап аласыз. Ол суретте өзіне тән айырмашылықтар болады. Олардың барлығын 1 минут ішінде табуға тырысыңыз.


Бұл тапсырмалар кішкентай баланың тапсырмалары сияқты көрінуі мүмкін. Алайда кез келген жастағы адам орындау арқылы өзінің миының қаншалықты жұмыс істейтінін анықтай алады. Сондықтан уақытыңызды бөліп, жаттығуды мұқият орындаңыз.


Дереккөз: dzen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Артық САЛМАҚТАН арылтатын супер ЖАТТЫҒУ


БАУЫР ауруына ем болатын ЖАТТЫҒУ