МИ жұмысын ЖАҚСАРТАТЫН 4 жаттығу

0
998

Ми да - бұлшықет, физикалық жаттығу жасап тұрған пайдалы.


МИ жұмысын ЖАҚСАРТАТЫН 4 жаттығу

Миды тек үздіксіз ойлармен, қиын тапсырмалармен шынықтырамын деп ойласаңыз, қателесесіз. Кейде бұл әрекеттердің кері әсері де болып жатады. Арасында мидың да бұлшықет екенін ескеріп, физикалық жаттығу жасап тұрған пайдалы.

Шығыс медицинасының ғасырлар бойы сыналған емдеу тәсілдерін, тыныс алу жаттығуларын және акупунктура әдістерін біріктіретін кинезиология ғылымының пайда болуы тегін емес. Ресми медицинада мойындалған кинезиология физикалық белсенділіктің ми жұмысына әсерін зерттейді.


Бұл жаттығулардың пайдасы:

  • мидың жұмысын жақсартады
  • зейінді шоғырландыруға көмектеседі
  • мидың қан тамырларын оттегімен қанықтырады
  • токсиндерді кетіру процесін жылдамдатады
  • серпімділік пен тонусты сақтауға әсерін тигізеді
  • жаңа нейрондық желілердің қалыптасуына ықпал етеді
  • екі жарты шардың жұмысын синхрондап, тепе-теңдікті қалпына келтіреді
  • мидың өзін-өзі жасарту процесін іске қосады


«Алақан – жұдырық»


Саусақ гимнастикасының бұл әдісі екі жарты шардың әртүрлі бөліктері арасындағы байланыстарды қалпына келтіреді. Олардың жұмысын синхрондайды, мидың асимметриясын жояды.

Екі қолды үстелге қойып, жұдырығыңызды бірнеше рет түйіп-ашыңыз. Бірдей уақытта, баяу қарқынмен. Біраз уақыттан соң қарқынын жылдамдатып жасаңыз. Тағы біраздан соң жаттығуды одан әрі қиындату керек. Ол үшін бір қолыңызды жұдырықтасаңыз, екіншісін ашасыз. Осылайша кезектестіріп шатаспай жасауды үйрену қажет.

Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осы жаттығудың әсері күрделі математикалық теңдеулерді шешкендегіден кем емес. Оны жасағаннан кейін мидың жұмыс істеу белсенділігі артады.


Шырақты үрлеу

Бұл тыныс алу жаттығуы ми қыртысындағы қан тамырларының тонусын жақсартуға бағытталған. Сіздің алдыңызда үстелде бір үлкен шам бар деп елестетіңіз. Терең тыныс алып, оны сөндіруге тырысыңыз. Енді үстелде көптеген шырақтар қадалған үлкен торт бар деп елестетіңіз. Қайтадан терең дем алып, әр шырақты жеке-жеке өшіруге тырысыңыз. Яғни, бірақ барлық ауаны бірден шығармай, әр жаққа қарай бағыттап, бөліп-бөліп шығарыңыз.


Қарындаштармен жаттығу


Қарындашпен жаттығу процесі өте қызықты. Үстелге қарындаштарды шашу керек. Оларды бір қолмен жұдырықпен жинау керек. Содан кейін бір-бірден үстелге қайтадан мұқият қою керек. Келесі қолмен тура осылай қайталайсыз.

Ұсақ моторика жаттығуы алақанда көп болатын белсенді нүктелерге әсер етумен бірге бұлшықет кернеуін жеңілдетеді, перифериялық тамырлардағы қан айналымын жақсартады.


«Намасте»


Бұл қимыл мидың екі жарты шарының жұмысын үйлестіреді, бұлшықет кернеуін жеңілдетеді және жүйке жүйесін тыныштандырады. Алақандарыңызды біріктіріп, кеуде деңгейіне қойыңыз. Төмен қарап, тіл ұшын тістердің арасына басып, мұрын арқылы баяу тыныс алу керек. Осы кезде есінегіңіз және ұйқыңыз келуі мүмкін. Бірақ бұл – алдамшы сезім. Жаттығудың соңында керемет қуат толқынын сезінесіз және миыңыз жаңа ғана ұйқыдан тұрғандай тып-тынық болады.

Жаттығулар міндетті түрде пайдасын тигізеді. Ең бастысы, күнделікті жүйелі түрде орындау. Жаттығу процесі және одан кейінгі күйіңіз өзіңізге ұнауға тиіс, сонда нәтиже ұзақ уақытқа созылады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖАТТЫҒУДЫҢ алдында не ЖЕУГЕ болады?