СПОРТТЫҢ ОРНЫНА БИ: қай бағытты таңдаған дұрыс?

0
215

Би таңдағанда ең алдымен мақсатыңызды айқындап алыңыз, кейін денсаулық жағдайына және өз қызығушылығыңызға мән беріңіз.


СПОРТТЫҢ ОРНЫНА БИ: қай бағытты таңдаған дұрыс?

Сурет: ic-cdn.flipboard.com

Негізі жаттығу құралдарымен жаттығу адамды зеріктіріп жіберетіні бар. Ал егер оның орнына биді таңдайтын болсаңыз, онда қосымша эмоция жинап аласыз. Тек бидің бағытын жағдайыңызға қарай дұрыс таңдай білсеңіз болғаны.


Бидің пайдасы мен артықшылығы

Би – бұл физикалық белсенділік жиынтығы. Ол жерде барлық бұлшықет қозғалыста болады, шыдамдылық, иілгіштік, ырғақты сезіну артады. Сонымен бірге би дене мен ми арасындағы байланысты нығайтады.

Спорттық жаттығулар тек физикалық көрініске негізделсе, билеу адамды шығармашылық жағынан ынталандыра түседі. Би бағытының артықшылығы біршама.

  • Кардиожүктеме және бұлшықетті нығайту. Бидің көпшілігі белсенді қимылды қажет етеді. Ал ол жүрек қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады және бұлшықет тонусын көтереді.
  • Психологиялық әсер. Би күйзелісті басуға әсер етеді. Көңіл күй көтеріліп, ұйқы қалыпқа келеді.
  • Әлеуметтік өмір. Би жаттығулары көбіне топпен жүргізіледі.Бұл сіздің әлеуметтік ортаңызды кеңейтеді және жаңа орта қалыптастырады.
  • Тепе-теңдікті жақсартады. Би миды дамытады, нейрондық байланысты нығайтады және қимыл икемділігін жақсарта түседі.
  • Әртүрлі стиль. Өзіңізге ұнаған, ыңғайлы кез келген бағытты таңдау мүмкіндігі. Екпінді, баяу және медиативті биге дейін кездеседі.


Би бағытын қалай таңдау керек?

Би таңдағанда ең алдымен мақсатыңызды айқындап алыңыз, кейін денсаулық жағдайына және өз қызығушылығыңызға мән беріңіз.

  • Зумба. Бұл латын америкалық би ырғағына (сальса, меренге, реггетон) негізделген фитнес-бағдарлама. Артықшылығы – көп мөлшерде калория жұмсайсыз, шыдамдылықты жақсартады, көңілді атмосфера. Кімдерге болады: жүрегі мықты, калорияны көптеп жаққысы келетін, белсенді биді ұнататындарға.
  • Сальса. Жұп болып орындалатын шапшаң ырғақты би түрі. Артықшылығы – бүкіл дене жұмысын жақсартады, ырғақ сезімін дамытады. Тек жақсы меңгеру үшін жұбыңызбен жақсы түсінісе білу керек. Кімдерге болады: жұп болып жаттығуға дайын және нақты қарым-қатынасты жақсы көретін жандар.
  • Бачата. Бұл сезіммен билейтін жұптық би. Толқын тәрізді би қимылы, музыка ырғағымен бірқалыпты айналым жасау. Артықшылығы – аяқ, жамбас, арқа бұлшықетін нығайтады, жарты сағат ішінде 200-400 калорияны жоқ етеді, омыртқа иілгіштігін жақсартады, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алады, төмендетеді және шыдамдылықты арттырады. Кімге болады: романтика мен құштарлықты жақсы көретіндер, жұптар,қимылды бірқалыпты дамытуды қалайтындарға.
  • Хип-хоп және көше билері. Еркін қозғалыстағы, импровизация мен креативке негізделген би. Артықшылығы – күшті, ептілікті дамытады және жеке көзқарасты білдіруге көмектеседі. Кімдерге болады: жас және белсенді, тәуекел етіп көруден қорықпайтындарға.
  • Хай хилс. Биік өкшелі аяқ киммен билейтін, джаз, стрип-пластика, перформанс бағытындағы заманауи би түрі. Бұл би түрінің ерекшелігі – сезімталдық, сексуалдылығында. Артықшылығы – балтыр мен жамбасты нығайтады, иілгіштікті жақсартады, арқа мен жүрек жұмысын жақсартады. Калорияны жақсы жағады және бүкіл денені тартады. Ең алдымен жаймен бастап, жүктемені бірте-бірте ұлғайту керек. Кімдерге болады: азат болғысы келетін, денесінің тартымды болғанын қалайтын, иілгіштікті жақсартуды қалайтын қыз-келіншектер үшін.
  • Контемпорари. Эмоциялық би түрі. Еркін қимылға, джаз-модерн, классикалық хореография бағытына негізделген. Артықшылығы – иілгіштікті дамытады, шығармашылық дамуға көмектеседі. Кімдерге болады: психологиялық шаршауды би арқылы басқысы келетін, негізгі би қимылдарын ары қарай дамытуға құштар жандарға.


Бағыт таңдауда бірер кеңес:

  1. Мақсатыңызды айқындаңыз. Арықтағыңыз келе ме әлде шыдамдылыққа үйренгіңіз келе ме? Мүмкін жай хобби ретінде билеп үйренгіңіз келетін шығар.
  2. Хореограф пен топқа мән беріңіз. Олармен бірге өзіңізді қалай сезінесіз? Биді жалғастыруға деген қызығушылық бар ма?
  3. Физикалық мүмкіндігіңізді бағалаңыз. Буындардың жағдайы, шыдамдылық және жалпы дайындық деңгейі.
  4. Әртүрлі стильді байқап көріңіз. Байқау сабақтарына қатысып, атмосферасын сезініп, өз бағытыңызды түсінуге тырысыңыз.
  5. Психологиялық жайлылықты ескеріңіз. Би жайсыздық тудырып, денеге күш түсірмеуі керек.Биден рахат алып, жақсы көңіл күймен шығу қажет.

Би – физикалық белсенділіктің әралуандығы. Ол физикалық, эмоциялық жағымды әсер сыйлайды. Ең бастысыбағытыңызды дұрыс таңдай білсеңіз болғаны.

Аударған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жаттығуға арналған аяқ киімді тұмсығына қарап таңдаңыз