​Ұйықтағанда қатты ҚОРЫЛдайтындар ОСЫЛАЙ жасаса, ҚҰТЫЛАДЫ

0
944

Үзбей күнделікті жасаса, нәтиже бір айдың ішінде байқалады.


​Ұйықтағанда қатты ҚОРЫЛдайтындар ОСЫЛАЙ жасаса, ҚҰТЫЛАДЫ

Ұйықтағанда қорылдау – бұл ерлердің шамамен 50 пайызында, ал әйелдердің 40 пайызға жуығында кездесетін мәселе. Оны туындататын негізгі себептердің бірі – кеңірдек бұлшықеті тонусының әлсіреуі.

Мұны айналадағы адамдардың ұйқысын бұзатын кішігірім ғана қолайсыздық деп санаймыз. Шын мәнісінде, ол қорылдаушының өзінің де ағзасына кері әсері бар құбылыс. Адам түні бойы қорылдап ұйықтағаннан мазасыздық, ұйқының қанбауы, сергектіктің болмауы сынды жағымсыз халдерге түседі. Қорылдау оттегінің жетіспеушілігіне, тіпті кейде инсульт, инфаркт, семіздік, потенциалдың төмендеуі, гипертония сияқты дерттерге әкелуі де мүмкін.

Бұл «түнгі ауру» әрқашан арнайы емдеуді қажет етпейді. Кейде қорылдауға қарсы жаттығуларды орындау жеткілікті. Олардың көмегімен таңдай, жұтқыншақ және кеңірдек бұлшықеттерінің тонусын арттырып, осы аймақтағы жұмсақ тіндердің дірілін азайтуға болады.

  1. Тіліңізді барынша алға созып, 5 секунд тұрыңыз. Содан соң төмен (иекке) қарай түсіріңіз. Осы қалыпта да 5 секунд ұстаған соң, жоғары (тұмсыққа) қарай көтеріп, тағы 5 минутқа кідіріңіз. Тілдің түпкі жағындағы бұлшықетті сезінуіңіз керек. Бастапқы қалпына келтіріп, қайта алға, төмен және жоғары созыңыз. Басты шалқайту арқылы жаттығуды кішкене қиындатуға болады.
  2. Ауыз қуысына ауа толтырып алыңыз. Басыңызды солға бұрып, еріннің сол жақ бұрышымен ауаны жаймен шығарыңыз. Екінші рет ауа толтырып, басты оңға бұрып, ауаны еріннің оң жақ бұрышымен шығарыңыз.
  3. Тілді барынша алға созып тұрып 1-2 секунд «И» дыбысын дыбыстаңыз. Бастапқы қалпына келтіріп, жаттығуды қайталаңыз.
  4. Жұдырығыңызды екінші иек астына тіреп тұрып, ауызды ашып-жабу жаттығуын жасаңыз. Иекке тірелген жұдырықпен кішігірім кедергі туындату керек.
  5. Ендігі кезекте кедергіні сұқ саусақпен туындатамыз. Сұқ саусақты иекке қойып, басып тұрыңыз да, оған қарсылық ретінде төменгі жақ сүйегін алға-артқа жылжытыңыз.
  6. Екі қолыңызды бетіңізге қойып, кедергі туындатыңыз. Тілді оң және сол жақ ұртыңызға кезек-кезек тигізіп, алақанды итеруге тырысыңыз.
  7. Тіліңізді толықтай таңдайға «жабыстырып» қойыңыз. Осы қалыпта ауызды ашып-жабыңыз.
  8. «А», «О», «У», «И» дыбыстарын ұзақ созып дыбыстаңыз. Беттің мимикалық бұлшықеттері мен дыбыстау мүшелерін максималды түрде іске қосуға мән беріңіз.
  9. Ағаш таяқша немесе қаламды тістеп, осы қалыпта кемі 5-10 секунд, ең көбі – 3-4 минут тұрыңыз. Тістелген затты жіберіп, бұлшықеттерді босаңсытыңыз. 2-3 секундтық үзілістен соң жаттығуды қайталаңыз.
  10. Шай қасықтың бір ұшын ерніңізге қыстырып, еденге паралелль қалыпта ұстап тұрыңыз. Тісті қолдануға болмайды. Осы қалыпта 30 секунд ұстап тұруға тырысыңыз. Қасықты ұстап тұру тым оңайға соқса, салмағын ауырлату үшін кішігірім зат салып қоюға болады.
  11. Кеудеңізді сыртқа итеріп, кішкене шығарыңыз. Басыңызды аздап шалқайтыңыз. Мойынның алдыңғы жағына түскен күшті сезініңіз. Әрі қарай жоғарғы ерніңізді төменгі ерніңізбен жабуға тырысып, аузыңызды ашып-жабыңыз. Басыңызды оңға 45 градусқа бұрып, ауызды бірнеше рет қайта ашып, жабу арқылы жаттығуды қиындата аласыз. Содан кейін басыңызды солға бұрып, жаттығуды қайталаңыз.
  12. Су ұрттап алып, онымен тамағыңызды шайғандай етіп 1-2 минут бойы «ғырылдатыңыз».


Осы жаттығуларды кемі – 15, ең көбі – 30 реттен жасап, күніне екі мезгіл қайталаңыз. Бастапқыда тіл, таңдай, жұтқыншақ, көмей бұлшықеттерінде шаршау, талу сезімі пайда болады. Бұлшықет шыныққан сайын жаттығу түрін де, жасау уақытын да бірте-бірте көбейте беру керек. Үзбей күнделікті жасаса, нәтиже бір айдың ішінде байқалады. Қорылдаудың азайғанын ғана емес, бет, екінші иек пішінінің жақсарып, тартылып қалғанын да көресіз.

Егер бір айлық жүйелі жаттығулардан кейін мәселе шешілмесе, қорылдаудың себебі әлдеқайда тереңде жатыр деген сөз. Бұл жағдайда дәрігерге қаралып, кешенді тексеруден өтіп, тиісті ем-дом жасау керек.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

БАШПАЙ сүйегі ҚИСАЙЫП бара ма? Мына ЖАТТЫҒУмен түзетуге болады