Смартфон ЗИЯН ба? ПАЙДАЛЫ жағын да көре білейік

0
3 824

Ұялы телефон хабарласу немесе суретке түсу қызметтерін ғана атқармайды.


Смартфон ЗИЯН ба? ПАЙДАЛЫ жағын да көре білейік

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әрине, сіздің смартфоныңыз футбол ойнауға, жаңғақтарды шағуға немесе қарақшылармен күресуге болатын бұзылмайтын құрылғы емес. Дегенмен, ол тек қана қоңырау шалу, суретке түсіру, модем ретінде жұмыс істеу және калорияларды санау қызметтерін ғана атқармайды. Себебі, оны кем дегенде ондаған жұмысты атқару үшін тиімді пайдалануға болады. «Ол қалай?» дейтін болсаңыз, атап өтейік.


Смартфон – сызғыш

Мысалы, сізге үстел, мата сияқты бір нәрсені өлшеу керек болды. Бірақ, қолыңызда рулетка да, сызғыш та жоқ.

Дәл осындай қысылтаяң сәтте сізге смартфон көмектесе алады. Тіпті милиметріне дейін анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, әрбір құрылғыға жарнама жасалған кезде анықтамасына ұзындығы мен ені дәлме-дәл жазылып тұрады. Яғни, әрдайым «қалтамда бір сызғыш жүр» деп ойлай беруге болады.


Қараңғыдағы жарық

Кенеттен электр қуаты өшіп қалған кезде барлығына жарық қажет болады. Бұл жағдайда бәріміз қуаты көптеу смартфонның фонаригін қолдануды білеміз. Ал, осы жарықтың сәулесін молайту үшін телефонның жарығын жоғары қаратып, бетіне үлкен пластикалық су ыдысын қою қажет. Өйткені, су жарықты жақсы тартады да, сәулені де көбейтіп жібереді.


Музыкалық орталық

Мысалы, сізге би кешін ұйымдастыру керек болды. Бірақ, қолыңызда смартфоннан басқа құрылғы жоқ. Ал, көп адамға оның дауысы жете алмайтыны белгілі. Осындай сәтте музыка қосылған құрылғыны құмыраға немесе стаканға салсаңыз, ол кішігірім музыкалық орталыққа айналады.


Ұмытшақтыққа қарсы құрылғы

Адам кейде қай жерге бару керек керек екенін, немесе бір затын қай орынға қойғанын ұмытып қалады. Мысалы, көлік көп автотұрақтан темір тұлпарын таба алмай сенделіп жүретіндер бар. Оның үстіне, таппай жүрген затыңызға қоңырау щалып, «қай жерде тұрсың?» деп сұрай алмайсың. Сондықтан, мұндай жағдайға түспес үшін заттардың немесе көліктің тұрған жерін ерекше белгілерімен қосып телефонға суретке түсіріп алу қажет. Керек кезде көріп, қызметі аяқталғасын суретті өшіре саласыз.


Қонақ телефоны

Жаңа смартфон сатып алғаннан кейін сізде ескісі қалады. Ал, оны арзымайтын ақшаға сатқыңыз келмесе, пайдаға жаратыңыз. Ол өте оңай. Атап айтсақ, телефонның батареясын зарядтаймыз да, оған ешқандай бірлікті қажет етпейтін SIM картасын сатып аламыз. Сөйтіп, ескі смартфонды үйге қойып қоямыз. Ол күндердің бір күнінде үйдегі адамдарға немесе шетелден келетін қонақарға қажет болуы әбден мүмкін.

Ескі телефонның тағы бір пайдасы

Өзіңіз немесе отбасыңыздың мүшелері телефонды жоғалту ықтималдығы мол жерлерге баратын болса, бұл кезде де моральдық тұрғыдан ескі телефонның тиімділігін көресіз. Жаңа телефонның жоғалғаны жақсы ма, әлде ескісінің бе?


Автомобиль есігін ашады

Егер сіз машинаның кілтін көліктің ішінде ұмытып кетіп, пультпен ғана ашылып, жабылатын есігін аша алмай тұрсаңыз, үйдегі адамдарға қоңырау шалыңыз. Әрине қосымша кілт пен пульт болса. Сөйтіп көліктің тетігін телефонның микрофонына жақындатып, ашу түймесін бастырыңыз. Мұндай жағдайда есіктің ашылуы 99 пайыз көрсеткішті құрайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ! Ғаламтордағы "ұрылардан" ҚОРҒАНУ ТӘСІЛДЕРІ


Android-тың жаңа жүйесі адамдардың ЖАҒДАЙДЫН ЖАСАП ҚОЙҒАН