Балаға пневмония, бактериялық-ішек инфекциясы, анемия диагнозы қойылыпты.
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабай аудандық ауруханасының реанимация бөлімінде он жастағы бала қайтыс болды. 4 сынып оқушысын Николаевка ауылынан 1 ақпан күні ауруханаға жеткізген деп хабарлайды NUR.KZ.
Оқиға 2019 жылы 2 ақпанда орын алған.
Балаға пневмония, бактериялық-ішек инфекциясы, анемия диагнозы қойылыпты.
Аудандық білім беру бөлімі өлімнің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.
Дәрігерлердің сөзінше, оқушы есепте тұрған. Балада туғанынан рахит болыпты.
Өлімнің нақты себебі сараптама нәтижесінде анықталады.
Аталған мәселе аудан әкімдігінің бақылауында тұрғаны хабарланды.
Айта кетерлігі, қайтыс болған оқушы көпбалалы отбасыдан шыққаны, анасының үй шаруасындағы әйел екені белгілі болды.