Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азамат елге заңсыз өтіп алған

0
292

Шетелдіктердің Қазақстанда заңсыз алған уақытша тұруға рұқсаттары жойылды.​


Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азамат елге заңсыз өтіп алған

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азаматқа заңсыз түрде елде тұруға рұқсат берілген, деп жазады Stan.kz.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғын ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

“Тергеу барысында 120-дан астам шетелдік азаматтың заңды айналып өтіп, жалған жұмысқа орналастыру және тұрғылықты жері бойынша тіркеу арқылы елде тұруын заңдастыруға мүмкіндік берген схема анықталды”, – делінген хабарламада.

20 наурызда Ақтөбе қалалық сотының қаулысымен ұйымдастырушы Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі “Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Шетелдіктердің Қазақстанда заңсыз алған уақытша тұруға рұқсаттары жойылды.