Ақтөбеде отбасының екі баласы суға батып кетті

0
608

Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды.


Ақтөбеде отбасының екі баласы суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің екі баласы, деп жазады sputnik.kz.

Кеше Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен.
Мәлім болғандай,18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.
Сонымен қатар кешкі сағат 19:30-да сол маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті.
"Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті суға түсудің ережесін сақтауды ескертеді.