Алдағы уақытта электросамокаттар көліктерге теңестіріледі - Алматы полициясы

0
579

Жаңа норма стандарттары әзірленген.


Алдағы уақытта электросамокаттар көліктерге теңестіріледі - Алматы полициясы

ERNUR.KZ. Алматы полиция департаменті жақында электросамокаттар автомобильдерге теңестірілетінін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Ведомство мәліметінше, жаңа норма стандарттары әзірленген. Ол бекітілгеннен кейін жол жүру ережесіне өзгерістер енгізіледі. Алдағы уақытта электросамокаттарға қатысты заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

"Заңнамалық деңгейде электросамокаттардың көлік құралы ретіндегі мәртебесін анықтау қажеттілігі туындады. Тиісінше, электросамокат тебетіндер жол қозғалысына қатысушылар ретінде анықталып, құқықтар да, міндеттер де қарастырылады. Қазір стандарт әзірленді, болашақта жол ережесіне өзгерістер енгізіледі. Олар енгізілген бойда бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де әсер етеді", – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.