Алматы облысында ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

0
350

Толқын орта мектебінің ұжымы да шәкіртінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.


Алматы облысында ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Алматы облысында ауыл мектебінің биылғы түлегі Санжар Қуандық ҰБТ-дан ең жоғары 140 балды жинады, деп жазады sputnik.kz.
Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінде оқиды.
"Бұл – үлкен еңбектің, талмас ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болсын, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол", – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Толқын орта мектебінің ұжымы да шәкіртінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.