Алматыда құрбан шалуға рұқсат етілген 12 орын белгіленді

0
114

Арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағалайды.


Алматыда құрбан шалуға рұқсат етілген 12 орын белгіленді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады, деп мәлімдеді мегаполистің бас имамы Төлеби Оспан. Бұ туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Биыл 27 мамырда басталатын Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді.
Бас имамның айтуынша, қаланың бес ауданында құрбан шалуға арналған арнаулы алаңдар ашылған.
Алатау ауданы:
"Мырзахмет" мешіті — Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма көшесі, 15;
"Алғабас" мешіті — Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
"Әл-Әзим" мешіті — Азат көшесі, 20а;
"Нұр" мешіті — Ұйғыр көшесі, 16/1.
Бостандық ауданы:
"Бақыткелді" мешіті — Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы:
"Омар ибн әл-Хаттаб" мешіті — Жуков көшесі, 136а;
"Аманқұл ата" мешіті — Т. Бигелдинов көшесі, 5;
"Фатима" мешіті — Малая көшесі, 14;
"Райымбек батыр" мешіті — Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
"Арафат" мешіті — Ибрагимов көшесі, 5а.
Наурызбай ауданы:
"Қалқаман-2" мешіті — Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы:
"Қайрат" мешіті — Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.
Осы көрсетілген арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағалайды.
Сонымен қатар Алматыда тұрғындардың қашықтан құрбан шалуына мүмкіндік беретін qurban.muftyat.kz онлайн қызметі қайта іске қосылды. Құрбандық шалынғаннан кейін оларға есеп беріп отырады.
Бұдан бөлек, платформа арқылы мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш те қабылданады. Осы күні қаланың барлық 56 мешітінде ет қабылдайтын, ет тарататын пункттер жұмыс істейді.