Астана әуежайында 14 рейс кешіктіріліп жатыр

0
201

Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.


Астана әуежайында 14 рейс кешіктіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 84 ұшып кету рейсінің алтауы және 86 ұшып келу рейсінің сегізі кешіктіріліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі уақытта жоспарланған 84 ұшып кету рейсінің алтауы кешіктіріліп жатыр. Оған себеп – ауа райының қолайсыздығынан ұшақтың кешігіп келуі. Ұшып келетін 86 рейстің сегізі кешіктірілуде", - делінген хабарламада.

Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Перрон мен ұшу-қону жолағын тазалауға 23 мамандандырылған техника жұмылдырылды.