ERNUR.KZ. Астанада қар толастамай жауып жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалаға кіретін барлық жол жабылды. Ал коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін таңертеңнен бері Астанада 2600-ге жуық жол қызметкері мен 1645 арнайы техника қар тазалауға шықты. Бұған дейін түнде қаладан 38 524 текше метр қар шығарды. Ол үшін жүк көліктері 2 726 рейс жасады.
Осы орайда әкімдік қызметкерлері қаржы күреу тәртібін де түсіндірді. Ережеге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы басқа жерде қареу жұмыстары атқарылады.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін тіркеу жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, бейнебақылау камералары бар.