Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Бұл жағдай «Шанхай» базары маңындағы жерде болған, деп жазады Baq.kz.
Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік көрінісі бар видео тарады. Видеода қытай сөмкесінің ішінде көрпе, киім-кешектердің арасында жатқан әйелдің денесі көрсетіледі.
Астана қаласы ІІД-нің хабарлауынша, белгісіз әйелдің денесі 13 қыркүйек күні сағат 20:00-де табылған. Бұл жағдай Алаш тасжолы бойында орналасқан «Шанхай» базары маңында болды.
Осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Полиция қызметкерлері керекші шаралардың бәрін жасап жатыр. Әйелдің кім екені анықталды», - дейді полиция қызметкерлері. Сондай-ақ, әйелдің жасы 26-да екені анықталған.
ІІД сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің денесінде зорлық белгілері болмағаны анықталды.