Жарыс 31 желтоқсанда «Қазақ елі» монументі алаңында өтеді.
ERNUR.KZ. Бүгін, 31 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және пандемияға қарсы акцияға арналған «Жаңа жылдық жүгіру-2022» өтеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жарысқа қатысуға тілек білдірушілердің бәрі шақырылады. Бағдарламада жаппай жүгіру және скандинавиялық жүріс бар. Негізгі қашықтық – 2022 метр.
Жарыстың басты мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акцияларға қолдау көрсету.
Жарыс 31 желтоқсанда «Қазақ елі» монументі алаңында өтеді. Басталуы 23:00-де, ал старт уақыты 23:20-да.
Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырады.