​Астанада түрмеден босатылған азаматтарға 15 АЕК көлемінде көмек беріледі

0
105

Бұл қолдау — қоғамға қайта бейімделуге көмектесуге бағытталған әлеуметтік шаралардың бірі.


​Астанада түрмеден босатылған азаматтарға 15 АЕК көлемінде көмек беріледі
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Елордада бостандыққа шыққан азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған, деп жазады inform.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы хабарлады.

— Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау қағидасына» сәйкес, түрмеден босатылған азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылған. Атап айтқанда, босатылғаны туралы анықтама ұсынған және босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей өтініш білдірген тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде қайта ұсынылмайтын біржолғы көмек беріледі, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Бұл қолдау — қоғамға қайта бейімделуге көмектесуге бағытталған әлеуметтік шаралардың бірі.
Осыған дейін сотталған зейнеткерлерге түрмедегі уақытында зейнетақы төленбеуі мүмкін екені айтылды.