Оған қоса, әлеуметтік желідегі видеоларда "Хазрет Сұлтан" мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев бүгін 13,4 млн теңге жиналғанын, бұл сома жанұяға табысталатынын айтқан.
ERNUR.KZ. Астананың бас имамы Наурызбай Өтпенов өрт салдарынан бес баласынан айырылған жанұя туралы айтты. Ол қазіргі уақытта қажетті қаражат жиналғанын, енді отбасыға үй сатып алып беретінін мәлімдеді, деп жазадыNUR.KZ.
"Жанұяға арнайы жиналған қаражат бар. Қазір көрсетілетін көмек туралы арнайы комиссиямен ақылдасамыз. Біз олардың ата-анасымен сөйлестік. Ақылдаса келе, мешіт атынан баспана сатып алып береміз деп шештік. Біз осылай келістік. Олар өз өтініштерін айтты, Алла қаласа, біз оларға көмектесеміз" , - деді имам.
Оған қоса, әлеуметтік желідегі видеоларда "Хазрет Сұлтан" мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев бүгін 13,4 млн теңге жиналғанын, бұл сома жанұяға табысталатынын айтқан.
Егер кімде-кім жанұяға қаржылай көмек бергісі келсе, олар мұны жеке жүзеге асыра алады.