Атырауда Қазақстанның туын қорлап, суретке түскендер ұсталды

0
169

Мұндай жалаулар Wildberries интернет дүкенінде еркін сатылған.


Атырауда Қазақстанның туын қорлап, суретке түскендер ұсталды

Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

ERNUR.KZ. Атырауда араб тіліндегі жазуы бар мемлекеттік туды ұстап, суретке түскен төрт тұрғын ұсталды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады inbusiness.kz.

Күні кеше әлеуметтік желіде араб жазуы бар еліміздің мемлекеттік туымен түскен төрт адамның суреті таралды. Олардың беттерін тұмшалап алғанын көруге болады.

Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Әлеуметтік желіде таралған фото бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Таралған жазбадағы 4 күдікті анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған жасөспірім. Сондықтан да олардың ата-аналарының қатысуымен жасөспірімдерден жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.