Балқашта терезе торына басы қысылып қалған 8 жасар балаға көмек көрсетілді

0
799

2014 жылғы бала басын терезенің металл торына тығып, шыға алмай қалған.


Балқашта терезе торына басы қысылып қалған 8 жасар балаға көмек көрсетілді

ERNUR.KZ. Балқашта құтқарушылар басы терезе торына қысылып қалған сегіз жасар баланы құтқарды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 17 маусым Қазбекова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
2014 жылғы бала басын терезенің металл торына тығып, шыға алмай қалған.
Ата-анасы оған көмектесе алмады. Өрт сөндіруші-құтқарушыларға гидравликалық қайшымен металл торды кесуге тура келді.
Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болған жоқ.