Жалпы, осы аралықта елімізде 107 256 адам некелескен.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың некелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркеледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі осы жылдың 10 айында 107 256 неке қиылғанын хабарлады.Үйлену тойының «шарықтау шегі» шілдеге келді, жаздың екінші айында 13 257 қазақстандық жұп үйленген.
Қазақстанның заңнамасы бойынша кәмелетке толған азаматтар, яғни 18-ге толғандар некеге тұра алады.Бірақ тіркеу органдарының неке жасын екі жылға төмендетуінің екі себебі бар - бұл жүктілік және ортақ бала. Биыл осындай жағдайларға байланысты 532 жұп үйленген.
Сонымен қатар, 5 164 Қазақстан азаматы шетелдіктермен неке қидырған.