"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді

0
204

Биыл 5 мыңнан астам киіктің өлексесі жойылды.


фото: официальный сайт Казахстанской ассоциации биоразнообразия Казахстана / Альберт Салемгереев

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киіктердің өлексесі бейнеленген видео тарады. Экология және табиғи ресурстар министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
"Мұндай жағдай басқа аймақтарда да тіркелген. Көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында табылды", - деп хабарлады министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер.
Мамандардың айтуынша, бұл табиғи жағдай. Әр өңірдегі жедел штаб бекітілген алгоритммен өлекселерді жойып отырады.
"Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады. Бұл жұмыстарға барлығы 150-ден астам адам, 51 техника жұмылдырылды. Биылғы жылдың басынан бастап 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды", - дейді ведомстводағылар.
Комиттетің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 4,1 миллион киік бар. Кеңес Одағы тұсында олардың саны небәрі 1,2 миллион болған.