Екі бірдей авиакомпания жолаушылары Алматы әуежайында қалып қойды

0
225

Кейінірек авиакомпаниялардың баспасөз қызметі түсініктеме берді.


Екі бірдей авиакомпания жолаушылары Алматы әуежайында қалып қойды

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. "Air Astana" және "SCAT" әуе компанияларының жолаушылары Алматы әуежайында қалып қойды, деп жазады sputnik.kz.
Өткен түнде "Air Astana" компаниясының КС193 ұшағы "Алматы—Камрань" бағытында діттеген жеріне жете алмай, бірнеше сағат бойы әуеде айналып, кейін әуежайға қайта оралды. Алдын ала ақпарат бойынша, оған техникалық ақау себеп болған. Кейінірек жолаушылар Вьетнамға жіберілді.
"SCAT" әуе компаниясының әуе кемесі сағат 01:35-те ұшуы керек еді, бірақ ұшпаған. Жолаушылардың айтуынша, рейс ұшақтың бұзылуына байланысты кешікті, ал авиакомпанияда балама борт болмаған.
Кейінірек авиакомпанияның баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Ұшу алдындағы дайындықты жүргізу кезінде қосымша техникалық қызмет көрсету қажет болды. Күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілді. Әуе компаниясы кешіккен рейс жолаушыларынан кешірім сұрайды", - деп хабарлады SCAT.
Кейін "Air Astana" да осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"28 наурызда "Алматы—Нячанг" бағыты бойынша түнгі К193 рейсін орындаған ұшақ техникалық ақауға байланысты Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды. Терминалда рейсті күту кезінде жолаушылар ыстық тамақ пен сусын, қалаулары бойынша трансфер және қонақүймен қамтамасыз етілді", - деп хабарлады компаниядағылар.
Жолаушылар діттеген жеріне таңғы сағат 07:15-те басқа ұшақпен жеткізілді, деп хабарлады "Air Astana".