Елімізде педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылды

0
195

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды.


Елімізде педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылды

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта платформада "педагог-модератор" және "педагог-эксперт" біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.

2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп жоспарланып отыр.