Еліміздің бірнеше өңірінде автогаз қымбаттады

0
546

Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін өсті.


Еліміздің бірнеше өңірінде автогаз қымбаттады

ERNUR.KZ. Еліміздің 5 өңірінде сұйытылған газ бағасын қымбаттату туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығы күшіне енді, деп жазады ҚазАқпарат.

Құжатқа сай, енді облыстарда сұйытылған мұнай газына мына баға бекітілді:

- Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;

- Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;

- Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін қымбаттайды;

- Солтүстік Қазақстан облысы - 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;

- Абай облысы - 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды.

«Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюы, сұйытылған мұнай газын (СМГ) бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаны көтеру қажеттігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтінішін ескере отырып, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ның бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды», - деп түсіндірме бұйрықа.