Сонымен қатар Астана әкімдігі жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдерін бөлді.
ERNUR.KZ. Астанада биыл МЖӘ аясында студенттерге арналған 6 жатақхана салынады. Олар 4,5 мыңға жуық орын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы педагогтердің 2024 жылғы тамыз форумында мәлім болды, жазады zakon.kz.
Мысалы, биылғы тамыз айында Астана қаласы әкімдігінің фронт-кеңсесінің қолдауымен М.Жұмабаев, 10а мекенжайында жатақхана ашылды. Бұл жатақхана 400 орынға есептелген. 2024 жылы елордада 4,5 мың орындық 6 жатақхана салынады. 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар Астана әкімдігі жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдерін бөлді.
Жатақханалар құрылысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы проблемасын шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда.