Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуының себебі анықталды

0
897

Ақмола облысы, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылы маңындағы Есіл өзенінде 85 кг жуық өлген балық жиналды.


Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуының себебі анықталды

ERNUR.KZ. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері су айдындарында мониторинг жүргізу барысында Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуын тоқтату және алдағы уақытта оны болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді, деп жазады Zakon.kz.

Мұз астында өлген балықтар жиналып, зертханалық зерттеуге жолданды. Қорытындысы белгілі болған соң жарияланады. Болжам бойынша, балықтың қырылуы мұз астында оттегінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.

Атап айтсақ, Ақмола облысы, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылы маңындағы Есіл өзенінде 85 кг жуық өлген балық жиналды. Қазір ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесе сынама жұмыстары жүргізілуде. Қалған балық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылды.

Қазіргі таңда өзен суын мәжбүрлі аэрациялау үшін екі мотопомпа орнатылған. Бұл өз кезегінде мұз астындағы суды оттегімен қамтамасыз етуге үлкен сеп. Су айдынының жағдайына мониторинг жалғасуда.