«Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекетке қайтарылады – министр

0
518

Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын болады.


«Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекетке қайтарылады – министр

ERNUR.KZ. Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады.

Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын болады.