Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өліміне кінәлі адам 8 жылға сотталуы мүмкін

0
1 001

Ұсталған күдікті бойжеткенді өлтірем деп қорқытып, зорлағаны анықталған.


Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өліміне кінәлі адам 8 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Грузияның Бас прокуратурасы ұсталған күдіктіге зорлау және өзін-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу ісі бойынша айып тақты, деп жазады baq.kz.

"Тергеу нәтижесі бойынша биылғы жылдың 5 мамырында ұсталған күдікті өлтірем деп қорқытып, бойжеткенді зорлағаны анықталды. Салдарынан ауыр психологиялық жағдайда болған қыз өз-өзіне қол жұмсаған", - делінген хабарламада.
Егер кінәсі дәлелденсе, ер адам 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше ҚР СІМ Грузиядағы қазақстандықтың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Еске салсақ, 6 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның жұмбақ жағдайда көз жұмғаны хабарланды. Марқұмның Айна есімді әпкесі оның өлімінің өз нұсқасын айтты.

Айтуынша, оған алыс туысқандары Грузияға баруға ұсыныс жасаған. Кейіннен туысқанының күйеуі оны зорлап, жергілікті кәсіпкерге сатып жіберген көрінеді. Салдарынан қызды өлтірген немесе зорлық-зомбылыққа шыдай алмаған қыз өз-өзіне қол жұмсаған.