Қазақстан кейбір самокаттарды әкелуге тыйым салуы мүмкін

0
550

Депутат елімізде сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүретін самокаттарды көргенін бөлісті.


Қазақстан кейбір самокаттарды әкелуге тыйым салуы мүмкін

ERNUR.KZ. 10 мамырдағы пленарлық отырыс аясында мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева сағатына 50 шақырымнан асатын жылдамдықтағы электр самокаттарын әкелуге тыйым салу нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Ол бірнеше нұсқа қарастырылып жатқанын атап өтті. Соның ішінде сағатына 25 шақырымнан жоғары жылдамдықтағы самокаттарды әкелуге тыйым салу да бар.

"Бірақ заң бойынша бізде негізінен сағатына 25 шақырымға дейін жылдамдықтағы электр самокаттар бар екенін айтып отырмыз. Ал 25 шақырымнан жоғары ол - мопед. Сондықтан тыйымның кейінгі нұсқасы: жылдамдығы 50 шақырымнан асатын самокатты әкелмеу"Екатерина Смышляева

Депутат елімізде сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүретін самокаттарды көргенін бөлісті.