Қазақстанда ерлер мен әйелдер интернетті тең деңгейде пайдаланады

0
557

2020 жылы Қазақстан бойынша интернетті пайдаланушылар үлесі 85,9% дейін өскен.


Қазақстанда ерлер мен әйелдер интернетті тең деңгейде пайдаланады

ERNUR.KZ. Елде интернетті пайдалану деңгейі жылдан жылға артып келеді, деп жазады inbusiness.kz.

2020 жылы Қазақстан бойынша интернетті пайдаланушылар үлесі 85,9% дейін өскен. Өткен жылғы көрсеткіш – 81,9%. International Telecommunication Union (ITU) дерегінше, Өзбекстанда 2019 жылы әйелдер арасында интернетті пайдалану деңгейі – 66%, ерлер арасында – 75%. 2019 жылы елде әйелдер арасында интернетті пайдалану деңгейі – 81%, ерлер арасында – 82,8%. 2 өңірде интернетті пайдалану бойынша әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда басым: Нұр-Сұлтанда (92,7% – әйелдер, 93,2% – ерлер) және Ақтөбе облысында (85,6% – әйелдер, 86,1% – ерлер).

Ерлер мен әйелдер арасындағы гендерлік алшақтық Солтүстік Қазақстан облысында – 0,7 п.т, Ақмола облысында – 4,9 п. т. 2020 жылы интернетке қосылған үйлердің үлесі – 92,4%. Кең жолақты интернетке қосылуға үйлердің жартысының ғана мүмкінігі бар, ал жылдамдығы жоғары мобильді интернетке үйлердің 85,7% қосыла алады.

Биыл қараша айының қорытындысы бойынша Speedtest Global Index дерегінше, Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 31,27 Мбитке жетті. Өткен жылғы көрсеткіш – секундына 18,85 Мбит. Өзбекстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 19,84 Мбит. ITU мәліметінше, 2020 жылы Өзбекстанда тұтынылатын жылдамдығы жоғары мобильді интернет-трафиктің орташа айлық көлемі бір абонентке 4,4 Гб. 2020 жылы Қазақстан бойынша деректер жоқ. Алайда 2019 жылы дағдарысқа дейінгі көрсеткіш – 10 Гб.