Қазақстанда жалпы сомасы $47,8 млрд болатын 145 инвестициялық жоба іске асырылуда

0
1 275

Premierminister.kz. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $15,8 млрд құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары көрсеткіш.


Қазақстанда жалпы сомасы $47,8 млрд болатын 145 инвестициялық жоба іске асырылуда

Premierminister.kz. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $15,8 млрд құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары көрсеткіш.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Kazakh Invest» АҚ-мен бірлесіп, жалпы құны $47,8 млрд болатын, іске асырылып жатқан 145 инвестициялық жобаның негізгі тізімін қалыптастырды, оған барлық елдік ынтымақтастық бағдарламалары аясындағы жобалар, соның ішінде қазақстандық–қытай, қазақстандық–түрік және басқа да инвестициялық жобалар кірді.

Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы $27,7 млрд болатын 51 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың шамамен $140 млн сомасына 4 жоба енгізілді. Биыл $623 млн инвестициялар көлемі бар қытай капиталының қатысуымен 5 жобаның құрылысы басталады. Қазақстан–Түркия ынтымақтастығы бағдарламасы («Жаңа синергия») 26 жобадан тұрады. Осы жылы жалпы сомасы $15,5 млн болатын 2 жобаны жүзеге асыру көзделген. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының шет елдерге сапары барысында қол қойылған келісімдер аясында жүзеге асырылатын басқа да инвестициялық жобалар негізгі тізімге енгізілген.

Биыл жалпы 145 жобаның $1,6 млрд сомасына 15 жобасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Келешекте халықаралық қаржы институттарының қаражаттары тартылатын жобалар, оның ішінде МЖӘ жобалары тізімге қосылады.

Осы жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асырудың белсенді кезеңіне көшеді. 2018 жылы 45 іс-шараны орындау көзделген.

«Инвестициялар тарту мәселесі – Министрліктің басты басымдықты жұмыстарының бірі әрі әрдайым тұрақты бақылаудағы іс», — деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.