Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінді: видео

0
203

​ТЖМ жер асты дүмпуін 28 наурызда Астана уақытымен сағат 03:42-де тіркеген.


Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінді: видео

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Түнде Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінді, деп жазады tengrinews.kz.

ТЖМ жер асты дүмпуін 28 наурызда Астана уақытымен сағат 03:42-де тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жамбыл облысы аумағында былай сезілген:

Есеп бойынша қарқыны:

  • Меркеде 5.0 б.;
  • Құланда 4.0 б.;
  • Шуда 2.0 б.;
  • Төле биде 2.0 б.;
  • Сарыкемерде 2.0 б.;
  • Таразда 2.0 б.;
  • Қордайда 2.0 б.;
  • Асада 2.0 б.;
  • Мойынқұмда 2.0 б.

Әлеуметтік желілерде жер сілкінісінің видеосы жарияланды. Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі ең қатты сезілген Жамбыл облысындағы Меркі ауылында жер сілкінісі болған сәт кадрларға түсіп қалған.