"Күдікті ұсталған жағдайда мәселе құқықтық кеңістік шеңберінде шешілетін болады" - Нұрбек Алмашов.
ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де оқиғадан хабардар. Шалыс қадам жасаған отандасымыздың кейінгі тағдыры жайлы министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашов айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
- Қазіргі уақытта бізге белгілі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматы расында кішкентай баланы қағып кетіп, зардап шеккен баланы жолда қалдырып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Құқық қорғау органдары тарапынан оны іздестіру шаралары жүргізілуде. Ұсталған жағдайда мәселе құқықтық кеңістік шеңберінде шешілетін болады, - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашов.