Қытайлық майнерлер Қазақстанға ағылуы мүмкін

0
557

Қазір Қытайдағы майнерлер Қазақстанмен қатар АҚШ және Канадаға көшіп жатқан көрінеді.


Қытайлық майнерлер Қазақстанға ағылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қытай компанияларының бірі Қазақстанға майнингке, яғни криптовалютаға арналған 320 құрылғы әкелді, деп жазады 24.kz.

Жоспарда тағы 3 мыңға жуық құрылғы әкелу көзделген. Бұл туралы сарапшы Андрей Чеботарев айтты. Қазақстан криптовалюта өндіру бойынша әлемде төртінші орында. Ал қытайлық майнерлердің Қазақстанға келуі криптавалюта нарығына қалай әсер етеді? Қытай компаниялары криптовалюта өндіру үшін Қазақстанға ағылған жағдайда елімізде майнингке салынатын салыққа қатысты талқылаулар жаңа қарқын алуы мүмкін.

«Салықтың бұл түрі біздің бюджетіміз үшін жақсы қайнар көз болады», - дейді мамандар.

Қазір Қытайдағы майнерлер Қазақстанмен қатар АҚШ және Канадаға көшіп жатқан көрінеді. Алғашқы криптомонетаның танымалдылығының артуы Қытай үкіметін шектеу шараларын қабылдауға мәжбүрледі. Сарапшылар осылай дейді. Әзірге шектеулер майнингке, яғни криптовалютаны өндіруге ғана қатысты. Бірақ мамандардың айтуынша, Қытай мұнымен шектелмейді. Биткоин өндіру үшін пайдаланылатын есептеу қуатының көлемі бір айда 48%-ке төмендеді. Соңғы екі аптада ҚХР-дың төрт провинциясының билігі криптовалюталарды өндіруге тыйым салды.

"Айта кетерлігі, тек Шыңжаң мен Сычуанда әлемдегі барлық Bitcoin-нің үштен бірі өндірілді. Осыған байланысты майнерлер Қытайдан жаппай кетіп жатыр. Жалпы Қытайда майнинг жайы мәз емес. Жақын арада елдегі Bitcoin өндіру қуатының 90%-ке жуығы жабылады. Дәл қазір фермалардың 70%-інің электр қуаты өшірілген. Бірақ әлемдегі барлық басқа майнерлер үшін бұл жақсы жаңалық. Өйткені биткоин өндіретін негізгі ойыншы нарықтан кетеді. «Сондай-ақ бұл Қазақстан үшін де жақсы мүмкіндік», - дейді мамандар.