Қызылорда облысында ойыншықтардан қауіпті заттар анықталды

0
665

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жыл басынан бері өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында 21 сауда орнынан барлығы 343 сынама сатып алды.


Қызылорда облысында ойыншықтардан қауіпті заттар анықталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында ойыншықтардан қауіпті заттар анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жыл басынан бері өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында 21 сауда орнынан барлығы 343 сынама сатып алды. Олардың 73,5 пайызы тағам өнімдері болса, 26,5 пайызын тамақ емес өнімдер құрады.

Сараптама нәтижесінде аталған өнімдердің 30-ы техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда, 4 өнімнен микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік тіркелді. Ішек таяқшалары тобының бактериясы тауық етінен, сүттен және тұшпарадан табылса, шайдан зең анықталды. Мұндай азық-түлікті пайдалану түрлі ішек инфекциялары мен тағамнан улану жағдайларына алып келуі мүмкін.

«Ал физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша 4 өнімнен, таңбалануы бойынша 24 өнімнен бұзушылықтар тіркелді. Ал балалар ойыншығының 2 үлгісінен фармальдегидтің шамадан тыс мөлшері анықталды. Бұл химикаттың көлемі рұқсат етілген деңгейден асып кетсе токсикологиялық улану қаупін туындатады. Сәйкессіздік анықталған екі ойыншық та Қытайда өндірілген. Сондықтан балаларға ойыншық сатып аларда қауіпсіздіқ құжатының болуына мән беруге кеңес береміз», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.